Сарыағаш: Егіс көлемі 921 га болатын инновациялық жоба іске асырылуда

В республике начался сбор озимой пшеницы и ячменя | Новости ...

Егіншілік шаруашылығы Қазақстан агросекторының ірі саласы. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің басым бөлігі осы салаға тиесілі.
Бәріміз білетіндей Сарыағаш ауданы аграрлы аудан болуына байланысты аудан экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылығы болып табылады. Биыл ауданда егістік көлемі ұлғайып, тиісінше егістіктен алынатын өнім де артып аудан экономикасына едәуір ұлғаю алып келді.

2019 жылы егістік көлемі 2394 га ұлғайтылса, биылғы жылы 2686 га артып, жалпы 68280 га егістік жерді игеруге қол жеткізілді.

Өткен жылы 58,4 га жылыжай салынған болса, үстіміздегі жылы 40,0 га жылжай салу жоспарланып, алты айда32,2 га жерге жылыжай салынып, жылдық жоспар 80,5%орындалды. Нәтижесінде  ауданымыздағы жылыжай көлемі 696,8 га жетті. Осы жылыжайлардан бірінші айналымда 64860 тн көкөніс жиналып, саудаға шығарылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес егін шаруашылығын дамыту мақсатында 92 бірлік шаруақожалықтың 910 га егістік жерінен 2-3 өнім алу бойынша жоспар бекітілген. Осы жоспарға сәйкес 1-алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында жұмыс жүргізуге 399 шаруақожалықтары ниет білдіріп, 917,6 га жерге инновациялық жоба негізінде егін екті. Нәтижесінде 36704 тн бірінші өнім жиналды.

Қазіргі уақытта 1 алқаптан 2-өнім алу бойынша 404 шаруақожалығы ниет білдіріп, жалпы егіс көлемі 921 га болатын инновациялық жоба іске асырылуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер