Шардара: «Саяси доданы ашық, таза әрі әділ өткізу – міндетіміз»

Шардара ауданының әкімі Қайрат ЖОЛДЫБАЙ: «Туған өлкеңе қызмет ...

Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!

Елімізде «Nur Otan» партиясының ішкі праймеризі басталып кетті. Бұл – демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға серпін беретін, нағыз көшбасшыларды қарапайым ел арасынан табуды көздейтін игі қадам.
Былтыр Партия Төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Осы бағдарламаға сәйкес қолға алынған праймеризге қоғам қызығушылық танытып отыр. Себебі іріктеуде үміткерлерге тең мүмкіндік берілген. Ерекше айта кетерлігі әйелдер қауымы мен жалынды жастарға да саясатқа жол ашылып отыр.
Қоғамда өз пікірін ашық айтып, ел мәселесін қозғап жүретін азаматтар бар. Бұл праймериз арқылы сондай азаматтар партияның кадрлық резервіне алынып, жергілікті деңгейдегі мәслихаттарға, Мәжіліске ұсынылады.
«Мықты лидерлер – мықты партия» қағидасы басшылыққа алынатын саяси доданы ашық, таза әрі әділ өткізу – міндетіміз. «Nur Otan» партиясының Шардара ауданыны филиалының праймериз өткізуге бірнеше айдан бері дайындық жүргізді. Қала, ауыл округтерінде бастауыш партия ұйымдары жұмыс істеп жатыр. Қазір Шардара ауданында 4000 -ға жуық партия мүшесі бар. 15 бастауыш партия ұйымы тіркелген. Праймеризде партия мүшелері үміткерлерге дауыс беріп, сол арқылы кадрлық резерв жасақталады. Жалпы аудан аумағында дауыс беруге және дебаттар өткізуге 13 орын әзірленген.
Биыл еліміз пандемияның салдарынан қиын күндерді бастан өткеріп жатыр. Карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сондықтан праймеризде онлайн түрде тіркелуге және дауыс беруге жағдай жасалып отыр.
Елімізге адал қызмет етуді перзенттік борышым деп есептейтін, елдік мәселелерге алаңдайтын, жігерлі, білімді, намысты азаматтарды праймеризге белсенді түрде қатысуға шақырамын!

Құрметпен, "Nur Otan" партиясының Шардара аудандық филиалының төрағасы Қайрат Жолдыбай!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер