Халықты жұмыспен қамту қашан да өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанда тұратын, азаматтығы бар кез келген азамат қоғамда назардан тыс қалмауы тиіс. Бүгінде елімізде халықты жұмыспен қамту бойынша түрлі шаралар қарастырылған.
Түркістан облысы, Шардара ауданында да жұмыссыздықпен күрес мақсатында жыл басында проектілер әзірленген болатын. Бүгінде жобалар аясында біршама азамат кәсіби білім алып, біразы жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ ауданда мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсету де назардан тыс емес. Биыл, мәселен, есепті мерзімде 576 отбасының 3436 мүшесіне 115,3 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, туберкулез ауруымен ауыратын 25 азаматқа жергілікті бюджеттен 4,0 млн. теңге қаржы төленсе, ВИЧ індетін жұқтырған 2 балаға 865,0 мың теңге қаржы төленді.
Аудандағы жалғызілікті 125 қарттарға жергілікті бюджеттен 19,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілсе, үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі мүгедек 93 балаға жергілікті бюджеттен 20,6 млн.теңгеге үйде әлеуметтік қызмет көрсетілді.