Сайрам: Ауыл әкімдері есеп берді

image.png

Елімізде барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беруі басталды. Бұл науқаннан халық ерекше үміт күтеді. Халыққа әкімдердің есебінен гөрі, соңында  айтылатын биылғы жылға арналған жоспарлар маңызды. 

Сайрамда да бұл әді дәстүрге айналған. Себебі есеп беру барысында жұмыс нәтижесі айқын көрінеді.

Аудан әкімі Уласбек Садибеков 11 ауылдық округ әкімдерінің әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарған жұмыстары туралы 7 айлық есебін тыңдады.

7 ауылдық округ бойынша есепке қанағаттанарлық баға беріп, қалған 4 ауыл округіне есепті қайта тапсыратынын ескертті.

Ауылдық округ әкімдері экономикалық-әлеуметтік жағдай бойынша, сондай-ақ бүгінгі күні актуалды болып отырған індет жайынан және де өздері жауапты аймақтардағы жыл басында бекітілген жоспарлар жайын баяндады. Сонымен қатар аса маңызды саналатын бюджеттік қаражаттың игерілімін де баяндады.

Аудан әкімі ауыл басшыларын кезекпен тыңдап, мемлеккеттік бағдарламалардың жүзеге асуы және карантин режимінің сақталуы бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, аудан басшысы, есеп бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін көзбе көз көріп, ауыл-ауылды аралайтынын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер