Созақ: Жастар күніне орай онлайн концерт өтті

image.png

Кез келген саланың өн бойына қан жүгіртуші негізгі күш – жұмыс өнімділігі жоғары жастар екені белгілі. Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Елімізде тамыз айында Халықаралық жастар күні аталып өтіледі. 

Созақта 2001 дылдан бері дәстірлі түрде дастар күні аталып өтеді.  Жылдан-жылға жаңа, әрі тың идеямен тойланатын «Жастар күні» мерекесі биыл онлайн форматта өткізілген. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде өткен онлайн шара фейзбук әлеуметтік желісіндегі «Созақ жастары» ресми парақшасы арқылы, тікелей эфирде көрсетілді. Аудан әкімі Салыхан Полатов бейнесюжет арқылы барша аудан жастарын құттықтап, сөз сөйледі. Жыл бойы түрлі салада үздік қызметімен танылған бірнеше адам аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталғаны хабарланды. Алғыс хат - иелеріне карантин талаптарын сақтай отырып, үйіне жеткізелетін болады. Ауданның өнерде спортта жүрген Уали Әли Әзизұлы, Акбар Елубайұлы, Даулет Дәмен, Нұрсұлтан Пиялы, Нұрым Досбол сынды жастар бейнесюжет арқылы құттықтау лебіздерін білдірді. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаев:

Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн!- деп жастардың сипатын шебер суреттеген. Халықаралық переспективада топ бастар жүйріктер сындарлы қоғамдық диалог арқылы үнін әлемге тыңдатады. Францияда әуезді үнін әуелеткен Әміре Қашаубаевтан бастау алған әлем сахнасына жол ұлт дарындарын додаларда дарабоз етуде.

Мемлекет басшысының жарлығымен  2020 жылы «Еріктілер жылы» болып жарияланған. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жанынан құрылған «Value» еріктілер ұйымы биылғы жылды аудан көлемінде ауқымды істердің басы қасында жүрді. Пандемия жағдайында тың істерді ұйымдастырып, көптің алғысына бөленді. Ерікті жастардың жыл бойы атқарған жұмыстары көрсетілді.Онлайн шара барысында ауданның өнерпаз жастары әннен шашу шашты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер