Созақ: Аудан әкімі тікелей эфирде ашық диалог жасады

Назначение - ЮКинформ

Қазір «COVID-19» пандемиясының кең таралуының алдын-алу мақсатында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Пандемиямен күрес кезіндегі қолға алынған шаралар және алдыңғы кезектегі мәселелермен тұрғындарды ақпараттандыру басты назарда. Түркістан облысындағы 16 аудан, қала әкімдері карантин режиміне байланысты аймақ ахуалын әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде баяндап жүр.Аймақтағы эпидемиялық ахуал және карантин режиміне енгізілген өзгерістер туралы жиі тікелей эфирге шығып жүрген аудан басшысының бірі– Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов.

Жаһандану үдерісінде саяси қадамдар  «Ашық үкімет» құрумен нығырланады. Яғни, ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру арқылы  жемқорлыққа қарсы күрес күшейеді. «Ашық үкімет» азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оған дәлел, аймақ басшыларының тікелей эфир барысында тұрғындар осы кезеңде көрсетілетін көмектер мен алдағы жоспарлар жайлы сауатты сауалдар қойып, жауап алуы. Ашық үкімет мынадай компоненттерден тұрады: ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, сондай-ақ ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау. 

Ашық диалогқа шығып, ашық деректер ұсынған Салыхан Полатов тікелей эфир барысында былай деді:

«Карантин режимінің күшейтілуі індеттің таралуын тежеді. Провизорлық орталықтарда орындар жеткілікті. Қазір орталық ауруханада ешқандай науқас жоқ. Таукенттегі 50 орындық, Шолаққорған елді-мекенінде 30 орындық емхана аудан тұрғындарына жоспарлы түрде көмек көрсетуде. Аудандық емханаларда 27 оттегі концентранты, 4 ИВЛ аппараты бар. Аудандағы 24 дәріхана штатты түрде халыққа қызмет көрсетуде. Дәрі тапшылығы, дәріханадағы кезек мәселесітуындап отырған жоқ. Карантинн шараларын сақтамауға қатысты 78 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 74 жеке тұлғаға 30 АЕК , 1 лауазымды тұлға мен  3 жеке кәсіпкерге 230 АЕК айыппұл салынды. Елімізде 17 тамызда шағын және орта бизнес иелеріне жұмыс жүргізуге мүмкіндік берілді. Карантин шарасы жеңілдегенмен адамдар сақтықты назардан тыс қалдырмауы керек. Маскалық режимді, әлеуметтік арақашықтықты сақтау – өмір қауіпсіздігін арттырушы фактор екенін есте тұтқан абзал. Адамдар көп шоғырланатын орындар денсаулығыңызға қауіпті. Елімізде отбасылық, діни жиын және басқа да салтанатты шара өткізуге тыйым салынғанын есіңізге сала кетейік».

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер