Ордабасы: Кенеге қарсы бүрку жұмыстары жүруде

image.png

Кенеге қарсы күрес бойынша Шардара ауданында жүйелі жұмыс атқарылуда. 

2020 жылдың 18 тамызынан бастап, аудандық ветеринария бөлімінің тапсырмасына сәйкес, Жаушықұм ауылдық округініндегі жалпы 345 қора жайға (56000 ш/м) кенеге қарсы дәрі бүрку жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 180 қора жайға (27000 ш/м) бүрку жұмыстары жүргізілген. Бүрку жұмыстары әліде жалғасын табуда.

Ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда, былтырғы жұмыс та қарқынды жүргізіліп, дәрілеу кезенінен кейін улы жәндіктің көзі жойылған.

Ауылда негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы болғандықтан, қорадағы төрт түліктің сау болуы қажет. Сондықтан қазір тұрғындар залалсыздандыру жұмыстарына өздері де көмектесіп жатыр.

Кенені қолмен езген жағдайда немесе қой қырқымы кезінде оның қаны шашырап дерт жұғуы мүмкін. Сол себептен де сақтық шщараларын естеріңізден шығармаңыздар. Мамандар мал жайғаған адамдардың арнайы сақтану киімдерін, қолғап, халат, шалбарды киген дұрыс деп ескертеді. Өйткені кенеден келетін кеселдің қаупі әлдеқайда жоғары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер