Ордабасыда ерекше жемістер өсірілуде

Денсаулыққа ең қауіпті жемістер - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

Ордабасы тұрғындары ауыл шаруашылығына оның ішінде әсіресе егін шаруашылығымен, бағбандықпен айналысуға бейім келеді. Аудандағы тағы бір бағбан бұл жолы ерекше жеміс түрлерін өсіруге эксперимент жасап жүр. Оның айтуынша аталған кәсіп түрі жақсы өнім алуға мүмкіндік береді екен.

 Ауданға қарасты Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі 2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келе жатыр. Қазіргі таңда 1 гектарға анар, 3 гектар жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. 

Қожалықтың іс жүргізушісі Сейдазимов Елнұр бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма, 707 көшет лимонды өсіріп отыр. Лимонның өзінен биыл 20 тонна өнім алуды жоспарлауда. Былтыр 1 жылдық көшеттің өзінен 4 тоннаға жуық өнім алған екен. Аталған кооператив 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.  

Сонымен қатар, ауданда қарқынды бау көлемі артып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер