Ордабасы: Үштілділік – заман талабы

image.png

«…Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. ... Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс...» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан.

Ордабасы ауданының «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020– 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, үстіміздегі жылдың 4 айында 80 азамат орталықта тіл дамытуға баулыды. Атап айтқанда: мемлекеттік тіл бойынша - 25, орыс тілі бойынша - 25, ағылшын тілі бойынша - 30 азамат білім алуда.        

Қосымша білім беру нарығында біршама жыл қызмет етіп келетін орталықтың ерекшелігі – үш тілді меңгеруде бірқатар мекемелердің білімін жетілдіруі, жабдықталған оқыту кабинеттері, жеткілікті оқу - әдістемелік қоры, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралары, өзінің баспа өнімдері, ақпараттық кеңістікті игерудегі ашықтығы.

Әлемдік экономикаға кірігу тілі – ағылшын тілін, ресми тіл – орыс тілін білу бүгінгі заманауи талаптарға сәйкес болуды қажет етеді. Көптілді тұлға – қазір уақыттың қарқынды дамуына бейім тұлға. Сондықтан мұнда келуші тіл үйренушілердің үш тілді меңгеруге деген сұранысы айқын байқалады, бұл уақыт талабының бедері. Қазіргі уақытта мекемеде үш тілді меңгеруде білім жетілдіріп жатқан мекемелер: аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі , ерікті тұрғындар,  аудандық спорт бөлімі,  балабақша мұғалімдері,  өзге ұлт өкілдері,  мектеп мұғалімдері және аудандық сот қызметкерлері.  

Тіл дамыту орталығында білім аламын деушілер орталықта оқыту келісім шартқа тұрғаннан бастап 80 сағаттық сабақ   оқытылып сертификат табысталады. Ал ел аумаңында карантин жарияланған кезден бастап орталық мұғалімдері мекемелермен онлайн түрде, вацап желісі арқылы тапсырмалар беріліп кері байланыс орнату арқылы сабақ жүргізіп келеді.

Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу үдерісі жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі. Сонымен қатар ол әрбір оқытушының біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, жетілдіру ортасы десек, артық айтқандық болмас.

Әдістемелік жұмыстарды дамыту, қолдау – орталықты дамыту, сайып келгенде заманауи білім көшіне лайық қарқында жұмыс жасау, өзекті мәселелермен айналысу, педагогикалық ұжымның іс-тәжірибесін мақсатты шоғырландыру, жинақтау және тарату болып табылады. Осы мақсатта мекеме түрлі шаралар ұйымдастыруға машықталған. Мәселен, орталықтың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 айы ішінде «Текті сөздің төресі – терме», «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері», үш тіл меңгерген тұрғындар арасында «Тілдарын» атты байқаулары өтті.

Сонымен қатар «Тілдерді оқыту және дамыту орталығында» өткен жылы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында,  аудандағы зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын. Ал болашағымыздың бастауы аудан жастары арасында «Үштілділік – заман талабы» атты үш тіл білгірлерінің байқауы өз дәрежесінде өтті. Аудандағы БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау» тақырыбында баспасөз конференциясы, сондай-ақ архивтер мен құжаттама мекемесімен бірлесіп «Латын әліпбиі және қазақ тілі» тақырыбында латын әрпінде басылған баспасөз материалдары мен кітаптар көрмесі тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен  өткізді.

Биылғы жылы Ордабасы ауданында мәдениет саласына жалпы 229 млн 982 мың теңге қаражат қаралды.  Оның ішінде аудандық 4 штат бірлігінен тұратын мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне - 8 млн 150 мың теңге, 68,5 штат бірлігінен тұратын аудандық мәдениет үйіне - 107 млн 342 мың теңге, 49,25 штат бірлігінен тұратын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне - 104 млн 667 мың теңге, 6 штат бірлігінен тұратын аудандық тілдер оқыту және дамыту орталығына - 9 млн 823 мың теңге бөлінді. Мекеме қызметкерлерінің есебінше қазірге дейін, 5 ай ішінде 86 млн 402 мың теңге   қаржы   игерілді.  Оның ішінде мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға 1млн 288 мың теңге   қаржы жаратылды. Ал жыл басынан бері ақылы қызметтен арнайы есепке 644,0 теңге қаржы түсіп, бұл қаржы Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жыл толуына жастар арасында «Әбу Насыр әл - Фараби» оқулары аудандық байқауына, Қ. Мырзалиевтің 85 жылдығына орай ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда өтетін «Атамекен» шығармашылық концертінің афишасымен, билеті, көрермендер залынын орындықтарын ақ матамен қаптауға, оператор отыратын бөлменің екі терезесіне  пластик қоюға, сахнаның баспалдағын  ауыстыруға, Жусансай ауылдық клубына жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалған.

Ендігі кезекте аудан көлеміндегі барлық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда және кітапханаларда Әбу Нәсір әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл және А.Құнанбаевтың 175 жылдығын кең көлемде насихаттау негізгі міндет болып отыр. Осыған орай мәдениет үйі «Темірлан» халық театры Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» драмасын атты қойылымын, «Ордабасы» фольклорлық ансамблі, «Арай» вокалды аспаптар ансамблі жаңа концерттік бағдарламаларын дайындауға кірісіп кеткен.

Аудан бойынша 10 ауылдық округ болса, бүгінде олардың әрқайсысы жоғарыда көрсетілген мақсаттарда қызмет атқарып келеді. Текті елдің текті ұрпақтарына өткенімізді ұлықтап, келешекке кемел көз жүгіртетін шығармалар, іс-шаралар бұдан кейін де шыңдалып, аудан көркемөнерпаздары биіктен көрінуіне ықпал етері анық.

 Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, адам мәдениетті жан. Мәдениет саласы адамзат өмірінде елеулі орын алады. Сол себептен де аудан тұрғындарын мәдени тұрғыдан баулып, қызмет етіп кележатқан мәдени сала қызметкерлерінің қоғамдағы алар орны ерекше.

Мәдениет саласының қызмет ету функциясы тікелей адаммен байланысты, негізгі міндеті адамды тәрбиелеу болуға тиісті. Мәдениет саласы өзіне-өзі қызмет жасамайды, ол қоғамнан бөлек дара нәрсе емес. Қоғам мен мәдениет біртұтас ұғым, ал қоғам жеке адамдардан тұрады, сондықтан адам мәдениетін көтермей, қоғам мәдениеті көтерілмейді. Сондықтан мәдениеттің өрлеуіне ат салысу әр қазақ үшін борыш. Адамдардың басқалардан маңызды өзгешелігі - олардың өзі тұрған қоршаған ортасын өзi жасауы. Демек өзіміз өмір сүретін, өзімізге жайлы қоғамды қалыптастыру жолында әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер