Ордабасы: «Жақыныңа жанашыр бол!» акциясы өтті

image.png

Бәрі­міз бір аспанның астында өмір сүріп жатқандықтан, бір-бірі­мізге жақынбыз. Сол себептен де болар жақыныңа жанашырлық танытудың адамның өмірінде болсын, қоғамда болсын маңызы аса зор. «Жақыныңа жанашыр бол!». Дәл осындай тақырыппен Ордабасы ауданында Жастар сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі қарсаңында «Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруында карантин режимін сақтай отырып қайырымдылық іс шарасы өтті.

Қайырымдылық іс-шарасына өз кәсібін ашып, дамыту мақсатында арнайы курстардан өтіп, мемлекеттен қаржылай көмек алып мал басын көбейтіп, ет, сүт өнімдерін өндірумен айналысатын Құрымбеков Бекқали, Назар Дүйсенхан, Махмудова Нарина, шағын жихаз цехын ашып отырған Бердалиев Келдібек, тігінші кәсібін таңдаған Тұрымбет Сауле, Айтуғанова Жанар, Оңалбаева Айгуль, Меңтай Сабира, Жабағыбаева Жансая, Байболаева Ардақ, кондитер өнімін дайындауды кәсіп еткен Әмет Айшолпан, Тайғара Айымхан мен сән салонын ұйымдастырушы Әбдімәжит Ақсауле қатысты.

Кәсіпкерлер аудандағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған 20 анаға, арнайы дайындап алып келген азық- түліктен көмектер берілді. Шынайы ықыласпен жасалған сыйлыққа аналар тарапынан да өз ықыластарын, ризашылықтарын білдірді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысхах іс шараны ұйымдастырушы қоғамдық ұйымның төрайымы Тайтелиева Гүлия ханымға, демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарға да, аналарға дендеріне саулық, отбасыларына амандық, істеріне береке тіледі, ризашылығын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер