Бәйдібек: Ауылдық экономиканың негізгі бөлшегі - ауыл шаруашылығы

БҚО-ның Тасқала ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда ...

Еліміз бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру науқаны басталды.   Бұл – соңғы жылдары дәстүрге айналған үдеріс. Әкімдердің ел алдында есеп беруі атқарылған жұмыстарды тиісті деңгейде бағалап, орындалмағандарын жедел түрде шешу үшін күш жұмылдыруға және де алдағы міндеттерді айқындап, нақтылауға мүмкіндік туғызбақ. Сондай-ақ, бұл әкімдердің іскерлігі сына­латын кезең. Сөйтіп, жылдағы есеп беру науқаны бас­та­лып кетті. Алғашқы әңгіме кең-байтақ еліміздің солтүстігіндегі ауданға қарасты ауылдық округте өткен есеп беру туралы болмақ.

"ADAL KOMEK" жобасы аясында Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округінің әкімі Оразханұлы Жасұлан "Округтің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолындағы жұмыстар барысы" тақырыбымен тікелей эфирге шықты. 

Әкім 2020 жылдың бастапқы 6 айындағы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Ол ең әуелі ауылдық округке мемлекет тарапынан бөлінген қаражат туралы айтып өтті. 

Баян­да­машының сөзінен , есепті кезең ішінде көп іс тындырылғанға ұқсайды. Әсіресе ауылда ауыл шаруашылығы біршама жетістіктерге жетіп жатыр екен. Негізінен ауыл әкімінің айтуынша ауылда экономиканың негізгі бөлшегі - ауыл шаруашылығы.

Биыл ауылда 13252 гектар егістік жер игерілген. Ол жерден күздік бидай 3790 га, жаздық арпа 2758 га, мақсары 4528 га, жаңа жоңышқа 525 га және де ескі жоңышқа 49 гектарды құраған. 

Жалпы аудандағы бүгінгі шаруашылық жайы жақсы екен. Әрине, бұл алдымен мемлекет көрсетіп отырған қолдаудың арқасы десек, екіншіден шаруалардың тынбай атқарған еңбегінің жемісі дер едік.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер