Бәйдібек: «Ата заң – кемел болашақтың кепілі!»

На изображении может находиться: 1 человек

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасы Конституция күнінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Осы 25 жыл ішінде еліміздің басты заңы жасампаздық пен ілгерілеудің кепіліне айналды. Қазақстан тұтас құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастырып, жан-жақты жаңғыру жолына түсті. Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасымыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыздың жете бағалауымыз қажет. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Сондықтан әрбір азамат конституциялық құқықтарын біліп, сол заңдарды ұстануы керек. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Ол еліміздің тұрақтануы мен өркендеуінің негізі мен кепілі.
Конституция қабылданғаннан бері өткен уақыт тарихи өлшемдер тұрғысынан аз болғанымен, біз үшін ол өткен жолымызды ой елегінен өткізу мүмкіндігі берілген кезекті кезең болып табылады. Алайда уақыт бір орнында тұрмайды. Кейбір қабылданған заңдарымызды қайта өзгертуге тура келеді. Мұның барлығы Қазақстан халқының жақсы өмір сүру үшін жасалған игілікті қадамдар. Еліміздің қоғамдық аяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін еместігін Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқын көруге болады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Бәйдібек ауданының әкімі, ШӘРІПБЕКОВ Ержігіт Шәріпбекұлы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер