Аппарат сыйлады

Screenshot_2.jpg

Коронавирус инфекциясы тыныс алу жолдарын зақымдайтын жұқпалы, аса қауіпті дерт.  Індеттің бірінші толқынында аса ауыр жағдайда түскен, яғни өкпесі зақымданған пациенттер  жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны баршаға аян. Алайда өңірде мұндай аппараттардың жетіспеушілігі байқалды. Пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындықты бастаған Ордабасы ауданы  өкені жасанды желдету аппараттарын түгелдеп қойды.  

Науқастарға ауадай қажет қондырғының бірін Ордабасы аудандық орталық ауруханасына облыстық қоғамдық денсаулық басқарамасы табыстады. Сондай-ақ короновирус індетіне қарсы күреске аталмыш мекемеге «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы тарапынан қолға алынған «Өмір» және «Шипа» жобаларына өз үлестерін қосқан облыстық мәслихат депутаттары Қайнар Абасов, Нұралы Әбішев, Мағауия Тұрысбеков, Алмас Салимов және Жаңабай Ағабеков бастаған халық қалаулыларының демеушілігімен 5 жасанды тыныс алу аппараты табысталды. Өз кезегінде партияның аудандық филиал Төрағасының бірінші орынбасары Бердімұрат Әлиасқар мен аудандық аурухананың бас дәрігері Мырзагелдиев Бақытжан медицина қызметкерлері атынан қиын кезеңде көрсеткен қамқорлығы үшін барша демеушілерге өз ризашылығын жеткізді.

  Жалпы аурухана бойынша барлығы 26 жасанды тыныс алу аппараты бар. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер