Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Screenshot_6.jpg

Пандемия кезінде елімізде біраз медицина мекемелері дәрі-дәрмек тапшылығына тап болды. Бұл қателіктің қайталануына жол бермеу қажет. Осы мақсатта Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы медицина мекемелерін дәрі-дәрмектен қамтамасыз етуді қолға алды.  

Ордабасы ауруханасы коронавирус инфекциясының профилактикасы үшін қажетті дәрі-дәрмектен  қысылып отырған жоқ. Себебі мекеменің 2 айға жететін қоры бар. Аурухана басшылығы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқарма тарапанынан 119906 дана дәрі-дәрмек қоры келгенін айтуда.  Және аурухана қорының толығуына гуманитарлық көмек көрсеткен ұйымдар мен азаматтар да себеп болып отыр. Атап айтқанда Ордабасы аудандық орталық мешітінен 550 дана төсек жайма матасы, аудандық шаруашылық бөлімінен, Шұбар, Төрткүл, Ынталы, Бадам ауылының  белсенділерінен, «Біз отандастар қорынан», мәдениет үйі, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі мен «Dauletten Қайырымдылық қорынан» дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтармен қолдау көрсетілген. 

  Ұжым келген прерапаттардың барлығын арнайы бөлек қоймада сақтап отыр. Науқастар көбейген жағдайда оларға сапалы ем көрсету үшін дәрі-дәрмек жеткілікті дейді бас дәрігер.  

  Мекеме құрамындағы  18 фельдшерлік акушерлік тұрақ,  21 медициналық бекет, 4-ші дәрежелі жедел-жәрдем бригадасы  бүгінде барлық қажетті қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер