Пациент дәрігерді үйге шақырта алады

Screenshot_17.jpg   

Ордабасылық  дәрігерлер науқастардың үйіне барып медициналық қызмет көрсете алады. Індеттің  екінші толқынын дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан Ордабасы аудандық орталық ауруханасы жаңа пилоттық жобаны қолға алған. «Үйде дәрігерге қоңырау шалу» сервисінің көмегімен жергілікті пациенттер ауруханаға қоңырау шалып, дәрігерді үйге шақырта алады. Ол үшін мекемеде  арнайы сымтетік орнатылған. Яғни пациент ауруханаға үйде отырып қоңырау шалады. Қоңырау тіркеу бөліміне келіп түседі. Әрі қарай пациенттің тұрғылықты мекен-жайы анықталып, учаскелік дәрігердің сымтетігіне қосылады да, дәрігер науқастың денсаулық жағдайын сұрап, қажет болса үйіне барып медициналық көмек көрсетеді. Егер үш қоңыраудан кейін тіркеу бөлімі тұтқаны көтермесе қоңырау автоматты түрде бөлім меңгерушісіне қосылады. Егер бөлім меңгерушісі екі- үш қоңыраудан кейін тұтқаны алмаса онда бас дәрігердің орынбасарына, ол көтермесе тікелей бас дәрігердің желісіне қосылады. Бұл әрбір қоңырау жауапсыз қалмайды деген сөз. 

Пандемия кезінде бұл жүйе дәрігер мен пациентке өте тиімді болмақ. Өйткені коронавирус немесе пневмония дерті бойынша симптомы бар науқастардың жағдайы жеңіл болса дәрігер ол пациенттің үйіне барып ем-дом көрсете алады. Бұл біріншіден, үй жағдайында емдеуге болатын науқастардың аурухана келіп, әбірге түспеуіне жол ашса, екіншіден ауруханада орын тапшылығын болдыртпайды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер