Түркістан облысында «Әлеуметтік - экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді.
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, өңірдің әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында құрылған 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Мәселен өткен жылы кешенді жоспарда 93 іс-шараны бастау көзделген болатын. Қазір осы бойынша тиісті жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде 10 іс-шара орындалса, 73 іс-шара бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ал, биыл кешенді жоспар арқылы 99 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы кешенді жоспар өңірдің экономикалық әлеуетін көтеруге және жеке инвестициялардың келуіне оң серпін берген. Мәселен, бүгінде Түркістан қаласының инфрақұрылымы толық қаланып, шаһар заман талабына сай түрлене түсуде. Сала мамандары кешенді жоспардың әрбір тармағын сапалы әрі уақтылы орындау бақылауға алынғанын айтады.Соның ішінде елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі де бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай 841 елді мекен, яғни халық100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі керек.
Өткен жылы ауыз сумен жабдықтау саласы бойынша өңірде 58 нысанның құрылысына бюджеттен қаражат бөлінген болатын. Нәтижесінде 25 нысан пайдалануға берілсе, қалған 33 нысанның құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Бүгінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 8 ауылдың тозығы жеткен құбырлары қайта жаңартылды. Қазіргі таңда облыстағы 841 елді мекеннің 717-сіне таза ауыз су жеткізілген. Ал, ауыз сумен жабдықтау саласы бойынша 38 нысанның құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп отыр. 28 нысан биыл пайдалануға берілсе, қалған 10 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі екен. Жоспар бойынша жыл қорытындысымен 24 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 14-інде тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылмақ. Осы жұмыстар нәтижесінде ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 741-ге жетеді.
Сала мамандары жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне ауыз сумен қамту ету бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылғанын айтады. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы С.Далиевтің мәлімдеуінше, 13 елді мекенді (Сарыағаш – 4, Келес – 4, Қазығұрт – 2, Ордабасы – 3) ауыз сумен қамтамасыз ету, ал 14 елді мекеннің (Сауран – 1, Қазығұрт – 1, Төлеби – 5, Жетісай – 2, Мақтарал –1, Ордабасы – 1, Шардара – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңарту жоспарланған.Сонымен қатар, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 119 ауылдық елді мекеннің 71-не су құбырларын жүргізу, 48-не блок-модуль кешенін (КБМ) орнату жоспарлануда.Айта кетейік, өңірдегі елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» түзілген.
Түркістан қаласы бойынша 38 820 абонент ішінде 37 655 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілген.Бүгінгі таңда Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 диаметрлік трубамен сағатына 1590 м3/сағ және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырымен сағатына 3200 м3/сағ мүмкіндігімен қарастырылса, Шобанақ елді мекеніндегі 40 мың м3 резервуарға және Б.Майлина көшесі аумағында орналасқан 16 мың м3 су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізілуде.
Бұдан бөлек, жаз айларында Түркістан-Су мекемесінің меншігіндегі 21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала ауыз сумен қамтамасыз етілуде.2023 жылы 5 (Яссы және Шавгар, Мақтазауыт, Н.Тореқұлов, Орталық су қойма 5000 м3, 1,2 мөлтек аудандар.) нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.Жалпы 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған кезде13961 абонент сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бүгінде қаланы таза сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5 пайызды құрап отыр.