2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жеткізілетін болады

Сала мамандары жобаның туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП-50-іне енгізілгенін айтады. Сондай-ақ 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Түркістан қаласына біркүндік келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 29 574 адамға артып, 296 919-ды (2021 ж. 5 айы – 267 345) құраған.

Screenshot_106.jpg

Кешен өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарымен (инвестиция сомасы - 88 млрд теңге, 600 жұмыс орны) қамтамасыз етуде. Түркістан қаласын одан ары қарай дамытудың 2-ші кезеңі 4 аумақ бойынша жүзеге асырылатын болады. Тарқатыңқырап айтар болсақ, 1-ші аумаққа аэропорт аумағы жатады. Онда 12 жоба іске асырылады. Оның ішінде, 100 орындық қонақ үй, 3 самолетке ангар, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады деп жоспарлануда. 

Ал, 2-ші аумаққа әкімшілік-іскерлік орталығы жатқызылған. Онда 57 жобаны салу көзделуде. Олар: теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені, демалыс орындары және инженерлік инфрақұрылымы. Сондай-ақ, 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға берілетін болады. Қазір денсаулық сақтау саласында жедел медициналық жәрдем станциясы және «Ана мен бала» орталығы салынып жатыр.

3-ші аумаққа Б.Саттарханов даңғылы енген. Онда спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, 182 га универститеттік ботаникалық бақ, «Парк Лайн» коттедж кешені бар. 

4-ші аумақта мәдени-рухани орталық бой көтеруде. Күлтөбе қалашығының тарихи нысандары қалпына келтіріледі, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағы абаттандырылады. Бұдан бөлек, Керуен Сарай тұрғын үй кешені, Аманат коттеджі қалашығы, Medina Palace қонақ үйі, Хилует мәдени-рухани орталығы салынып жатыр.

Сала мамандары Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңіне тартылған жалпы инвестициялар көлемі 1,3 трлн теңгені құрады, оның 1 трлн теңгесі немесе 77% пайызы жеке инвестициялар екенін айтады. Жаңа кешенді жоспарды іске асырудың нәтижесінде 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жеткізілетін болады. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар өз жалғасын табады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер