Биыл Түркістан қаласы тұрғындарын электр энергиясымен қамту 99 пайызға жеткізіледі

Өткен жылы Түркістан облысында 32 000 тұрғыны бар 40 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Ал, биыл қосымша 38 300 тұрғыны бар 10 елді мекен электр энергиясымен  жабдықталатын болады. Жалпы 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 265 елді мекенде 358,9 мың тұрғынды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жоспарланған.

Screenshot_107.jpg

Соның ішінде Түркістан қаласында 39937 электр абонентінің тек 33 937 абоненті сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну -48,8МВт).Өткен жылы мұнда 3 нысанның құрылысы жүргізіліп, атқарылуға тиіс жұмыстардың 90 пайызы орындалды, толық аяқталғанда 3897 абонент сапалы электр желісіне қосылатын болады деп күтілуде. 

Биылғы жылы 1 нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту және 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру жұмыстары жүруде. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарланған. Нәтижесінде жеке тұрғын үйлерге арналған нысан аяқталғанда қосымша 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын электрмен қамтуды 98,5 пайыздан 99 пайызға жеткізеді.

Айта кетейік, сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгінде қалада 393 көше толық жарықтандырылды. Бұл көрсеткіш жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептегенде 44,9 пайызды құрайды. Жалпы 2022 жылы Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізіліп, оның қазіргі уақытта 123,1 шақырымды құрайтын 93 көшесі толығымен іске қосылды. Қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленуде. Нәтижесінде, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 61,1 пайызға ға жетеді.Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер