Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындаеліміздің транзиттік қуатын арттыру да өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
- Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр. Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді. Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады.«Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады. Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр, -- деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бергенін де жеткізді. «Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек», -- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Түркістан қаласында осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ. Алдымен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген жұмыстарға тоқталайық. Ағымдағы жылы қала аумағындағы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 7 көшеде (Қызылкөл, Сарыжылға, М.Төлебаев, Әубәкір қары, Ы.Алтынсарин, Қазыбек би – А.Юсупов аралығындағы көше, Асан қайғы – Құрбан ата аралығындағы көше) орташа жөндеу жұмыстары іске асырылды. Орташа жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін толығымен аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, аяқжолдардың құрылысы жайлы айтсақ. Ағымдағы жылы қала аумағындағы халық сұранысына ие болған, қала тұрғындарының әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақшаларға) қамтамасыз ететін 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Соның, қазіргі уақытта 31 көшесі 100% және 13 көшенің құрылыс барысы 50%-дан жоғары деңгейге жетіп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Ал, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдарға келсек. И.Қожабаев көшесінін 3,6 шақырым аумағында асфальт жабындысы басылып, қалған бөлігінде жол негізін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар: 3,8 шақырымы аяқжол және веложолмен қамтылып, 8,2 шақырым аумағына суағар науа орнатылды. Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жолдың құрылысы бойынша, қазіргі уақытта жолдың 1,3 шақырым құрайтын аумағында жол негізі әзірленіп, құрылыс жұмыстарына кедергі келтіретін 4 дана трансформаторға уақытша демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құрылыс нысанына қазіргі уақытта жобамен 8 тұрғын үй және 1 жер телімі кедергі келтіріп, осы бойынша мемлекеттік мұқтаждыққа қайтару үшін бөлім тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.
Ә.Жангелдин көшесінде нысан құрылысына кедергі келтіретін инфрақұрылым жүйелерінің құбырларын орын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, орын ауыстыру аяқталған орындарда жол негізі әзірленуде. Қазіргі уақытта нысан бойынша атқарылған жұмыстар: жолдың 2 шақырым аумағы аяқжол және веложол құрылысымен қамтылып, 3,5 шақырым аумағына суаған науа орнатылды. Сонымен қатар, жолдың 1,9 шақырым құрайтын аумағында жол негізі әзірленді.Аталған 3 нысан келесі жылға өтпелі болғандықтан, құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.
2022 жылы қала аумағындағы топырақ жолдардың пайызын азайта отырып, тас төселген көшелердің саны мен сапасын арттыру мақсатында жыл басынан бері 120 шақырымды құрайтын 152 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Тас төсеу жұмыстарымен қала аумағындағы 6 секторда, яғни «Отырар», «Шауғар», «Бекзат», «Яссы», «Сауран», «Бірлік» тұрғын алқаптарындағы топырақ көшелері қамтылуда.
Жыл соңына дейін, қосымша 30 шқ құрайтын 38 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Маханбетхан Қосжанов,
Түркістан қаласының тұрғыны