Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жер қойнауын игеру ісіне инвестиция тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді барынша жеңілдету керектігін атап өтті.
- Геологиялық ақпарат туралы бірыңғай мәліметтер банкін құру жұмысын аяқтау қажет.Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын.Былтыр менің тапсырмам бойынша барлық арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі бағаланды. Соның нәтижесінде түйткілді тұстарды анықтап, тың тәсілдерді ойластырдық. Енді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін мүлде басқа саясатқа көшкен жөн.Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан, бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр, -- деді Президент.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керектігін атап өтті.
- Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады.Барлық инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындар да бар. Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жеке меншікке беру мәселесін шешу қажет. Жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі, -- деді Президент.
Осы орайда бұл бағытта Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетейік. 2022 жылы жоспар бойынша 48 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба 2022 жылы іске қосу жоспарланған болатын. Атап айтар болсақ, «Баянды Құрылыс» ЖШС-гінде 28 жұмыс орны, «EuroBlock Production» компаниясында 20 жұмыс орны, "Оспан" ЖК-інде 6 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда «Баянды Құрылыс» ЖШС мен "Оспан" ЖК құрылысын аяқтап қосу іске қосылып жалпы саны 37 жаңа жұмыс орындарын ашқан.«EuroBlock Production» жобасы құрылыстарын аяқтап, тапсыру актісіні рәсімдеуде жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде.Сонымен қатар, 2022 жылы индустриалды аймаққа құны 3 млрд.теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысын алды және «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Олар: «Ali Construction Group»ЖШС –29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.«TECHTRONIC STROY»ЖШС 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.«Гүлзада»ЖК –20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы.
Шағын және орта бизнес саласы бойынша айтар болсақ. 2022 жылдың 8 айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 16052 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 15701 немесе 97,8 пайызды құраған. Белсенді ШОБ субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау, бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2021 жылдың 1 қараша айына «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 18 жобаны қаржыландырылды. Ал, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының 1 бағыты аясында 7 жоба, 52 жоба кепілдендірілген. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласынан қайтарымсыз грант алуға 35 азамат өз жобаларын қорғап нәтижесінде 6 адамның жобасы қаралымда. Жалпы алғанда «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 142 жаңа жұмыс орындары ашылып тұрақты жұмыспен қамтылған.
Алдағы уақытта Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы» аясында «Ырыс» МҚҰ-ның Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдаулар көрсетілу жоспарланып отыр. Негізгі капиталға тартылған инвестиция 142419,6 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 106,0 пайызды құрады.Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 48322,0 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 49114,7 млн. теңге, меншікті қаражат есебінен 33604,5 млн. теңге, банк кредиттері есебінен 8447,3 млн.теңге, басқада қарыз қаражаты есебінен 2931,1 млн.теңге. Ал, 9 айлық есептік көрсеткіш бойынша 190,1 млрд теңгені қамтып 105,2 пайызды құрайды деп болжамдалуда.Президент Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мәселесіне ерекше тоқталып өтті.
- Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек. Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет, -- деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізілетінін жеткізді.
- Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады.Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет.Осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс, -- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Асылзат Адырбек,
Түркістан қаласының тұрғыны