Қоныс тойын тойлаушылар жыл санап өсуде

image.png

Түркістан қаласында 123 жалпы көпқабатты үй бар. Оның 46 – сына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 54 –іне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал, 23 – і күрделі жөндеуді қажет етеді. Жоба құны – 302 млн теңгені құрауда. Бұл бойынша тиісті органдар тарапынан ҚР Индустрия және инновация министрлігіне өтінім жолданды. Айта кетейік, жақында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы кондоминиум нысандарын, екінші мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі, Яссы көшесі мен "Отырар" мөлтек ауданындағы абаттандыру жұмыстарын, С.Қожанов көшесіндегі кәріз жүйесі құрылысын, Тәукехан көшесіндегі ауыз су құбырының құрылыс барысын аралап, жұмыстарды бақылады.

Аралау барысында жауапты мамандарға қала аумағындағы 2 қабатты 25 тұрғын үйді газдандыруды аяқтауды, І және ІІ мөлтек аудандарда тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Т.Бокин көшесінде қолға алынған абаттандыру мәселесін тұрғындармен келісе отырып жүргізу ескертілді. Қала аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жайы қозғалып, тұрмыстық қалдықтар тастаған мекемелерге тиісті шара көру қажеттігін атап өтті. Отырар мөлтек ауданындағы құрылыстарға қатысты мердігерге де біршама ескертулер айтып, тапсырмалар жүктеді. Берілген тапсырмалардың орындалуына мерзім белгіленіп, сапасына бақылау жүргізу әкімнің орынбасарларына бекітілді.

Бүгінде Түркістан қаласының аумағы 22,4 мың гектарды құрайды. Ағымдағы жылдың 1 тамыз айындағы көрсеткішке сүйенсек, халық саны 194 774 адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 5,6 пайызға артқанын көруге болады. Яғни, өткен жылдың тамыз айында қалада халық саны 184 436 болған.  

Қазіргі таңда қалада биылғы жылға құрылыс бөлімімен 2021 өтпелі болған 53 үйдің құрылысы жүргізілуде. Мұнда 3392 пәтер бар. Аталған үйлердің 2706 пәтері кредиттік жүйемен сатылса, 686 пәтері кезектегі отбасыларға үлестіріліп берілмек.

Соның ішінде биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 113,6 мың шаршы метр пайдалануға берілді, өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 2 есеге артты. Яғни, 62,7 мың шақырымға ұлғайған деуге болады. Нәтижесінде 1773 пәтерлі 29 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 1447-і пәтер кредиттік жүйемен берілсе, 326 пәтер кезекте тұрғандарға үлестірілді. Қалған 1619 пәтерлі 24 тұрғын үйді  осы айда тапсыру жоспарланған. Оның ішінде 1278 пәтер кредиттік жүйемен берілетін болса, 341 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрғандарға үлестірілмек.

Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде бүгінгі күні 14 473 азамат тіркелген. Пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің басым бөлігі ипотекамен берілуде. Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың ішінде жетім бала саны – 192, апатты үйде тұратындардың саны – 2, әлсіз топқа жататындардың саны – 6 153. Көп балалы отбасылардың саны – 3 783, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтіндердің саны – 4 709. Қазіргі таңда, әлсіз топта 6 153 азамат кезекке тіркеліп тұр. 677 азамат тұрғын үймен қамтылып, нәтижесінде жыл соңына дейін кезекте тұрған адам саны 5 476-ға қысқарды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер