Түркістан туристерді тартатын орталыққа айналып келеді

image.png

Түркістан қаласында ішкі туризмді дамытуға барынша күш салынуда. Күннен-күнге қарыштап дамып жатқан шаһарды одан әрі айшықтай түсетін тың жобалар қолдау табуда.Басты мақсат -- Түркістанды туризм мен спорт кластері дамыған шаһарға айналдыру. Бұл бағытта нақты жоспарлар құрылып, олар жүзеге асырылуда. Айталық, «Керуен сарай», «Яссы эко вилладж» тұрғын үй кешендері талапқа сай салынды. Сонымен бірге Қожа Ахмет Ясауи музейі, «Қылует» мешіті, «Дарын» мектеп-интернаты, ішкі істер департаменті, жедел жәрдем стансасы ғимараттарының құрылысын да көз тартады. Яссы көшесін абаттандыру жұмыстары әліге дейін басты назарда. Бұл әлеуметтік және рухани нысандар түркістандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар ары қарай жалғасын табуда. Қысқасын айтқанда, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңір дамып келеді. Бүгінге дейін мұнда жүзеге асқан республикада теңдесі жоқ жобалар жайлы да айта кетейік. Солардың бірі – халықаралық талапқа сай ескек есу базасы. 80 гектардан астам аумақты алып жатқан базада ескек есу, академиялық есу және өзге де спорт түрлері дамуда. Бұл нысан туристерді тартатын орталыққа да айналып үлгерді. Кәсіби спортпен қатар мұнда қайықпен серуендеп, жағажай волейболын ойнап, демалысты көңілді де мазмұнды өткізуге болады.Сондай-ақ, Түркістан қаласының климатын өзгерту, жасыл алқапты көбейту бағытында да ескек есу базасының маңызы зор екенін айта кетейік. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылдың 9 айында Түркістанға 1247,2 мың турист келген болса, ағымдағы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 1310,5 мың адамға жетті.Оның ішінде 2021 жылы шетелден 4,4 мың адам келген болса, биылбұл көрсеткіштің 4,8 мың адамға арту динамикасы байқалды. 2021 жылы жалпы шаһарымызға 1417 мың адам келген екен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер