Түркістан қаласында құрылыс көлемі 109,4 млрд. теңгені құрады. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2 пайызға артты. Айта кетейік, қазіргі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 409,3 мың шақырымды құрайтын 111 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Мемлекеттік бюджеттен бөлек ӘКК «Түркістан» АҚ – 33 үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол 67,4 мың шақырым аймақты алып жатыр. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 80 үйдің құрылысы қолға алынған. Оның аумағы 181,4 мың шақырымды құрайды.
Ағымдағы жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылғы 9 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 87,4 мың шақырымға немесе 3,5 есеге артық. Нәтижесінде 2667 пәтерлі 42 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қалада қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 14 839 азамат тіркелген. Жалпы Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы мұнда жаңа тұрғын үй кешендері мен жаңа нысандардың құрылысы бір сәтке де тоқтаған емес. Ол үшін облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, инфрақұрылым, құжаттандыру мәселелері назарда болады. Қалада бүгінде «Feb Turkestan», «Yassy Green House», «Park View Residence», «DEL&Invet» секілді бірқатар компаниялар тұрғын үйкешендерін салуда. Түрлі сәулет үлгісінде салынған үш қабатты үйлер және коттедждер Түркістанның ажарын аша түспек. Тиісті сала мамандары әрбір үйдің құрылысы талапқа сай болуын мердігерлердерге жиі ескертіп отырады. Бүгінде шаһарда жыл соңына дейін бірнеше тұрғын - үй кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады.