Азық-түлік белдеуінде ауқымды жобалар қолға алынды

4.jpg

Қазақстан – аграрлық ел. Оның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді еселеп көтеруге қуаты да, мүмкіндігі де жетеді. Президент Қ.К.Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет екенін атап өткен болатын. 

Атап айтқанда Президент Жолдауында:

- Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жат¬қан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы.  Өнімділікті арттырып, шикізат өндіру¬мен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қой¬ма және көлік инфрақұрылымын дамы¬ту мақсатында шұғыл шаралар қабыл¬дау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, би¬дай, майлы дақылдар, сүт өнім¬дерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі эко¬жүйе қа¬лыптастыруға болады. Балық ша¬руа¬шы¬лығына да ерекше мән берген жөн. Қо¬сымша құн қалыптастырудың өзегі сана¬латын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс. Вертикальді кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзал. Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңір¬лік азық-түлік хабтарын құруға жұ¬мыл¬дыру керек. Біз горизонтальді кооперацияның әлеуетін де естен шығармауымыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде, өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте, сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осында.

Осы орайда халықты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етоу мақсатында   Түркістан қаласы айналасында 11,0 мың гектар азық-түлік белдеуін құру жобасы іске асырылуда. 2,2 мың га 65 бірлік жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. Бұл технология ағын суды 2 есе үнемдеп, өнімділікті 3 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. 

Өңірімізде азық-түлік белдеуі аясында құны 34,7 млрд. теңгені құрайтын 5 серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олар: «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-нің 1200 басқа арналған тауралы сүт фермасы (құны  6,0 млрд.тг), «Органик Агрофуд» ЖШС-нің 50 га өрік бауы (құны 540,0 млн.тг), «Органик Агрофуд» ЖШС-нің 15 га жылыжай кеші (құны 16,5 млрд.тг), «SPK-Sauran» АШӨК-нің 622 га жаңбырлатып суару технологиясы (құны 1,5 млрд.тг), «Turkistan Fruit» ЖШС-нің 40,0 мың тонналық жеміс-көкөніс сақтау қоймасы (құны 10,2 млрд.тг). 

Реті келгенде айта кетейік, өңірінің ағын су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылыстары жүргізілді. Нәтижесінде 248,8 млн.м3 ағын су жеткізілді. Біріншісі --  «Түркістан магистралды каналын  күрделі жөндеу» жобасы. Жоба аясында 59 шақырым бетондалып 60 млн.м3 су үнемделді және қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылды. Бүгінгі күні 58 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізіліп, 1,5 шақырым Түркістан қ. аумағындағы канал бойы абаттандырылуда. Екіншісі -- «Кеңсай - Қосқорған - 2» су қоймасын салу жобасы. Жобаның құны 5,7 млрд. теңгені құрады. Жоба бойынша 34 млн.м3 ағын су жеткізіледі деп күтілуде. 

Сонымен қатар, «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы, «Сарқырама» су қоймасын салу жобасы, Кентау қаласында "Қосқорған"су қоймасын толықтырып, су төмендету жүйесін салу жобасы қолға алынған. Болжам бойынша шахтадан шамамен 40 млн. текше метр (м3) жер асты суы шығарылып, Түркістан қаласын суландыру мен өсімдік шаруашылығына пайдалану көзделген. Бұдан бөлек, «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» (жоба құны 2,3 млрд. тг.) жобасы  бойынша 34 шақырым ұзындыққа бөгет жасалынып,261 млн.м3 су көлге жіберілді. 

Аталған жобалар облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға ықпалын тигізумен қатар туризм саласын дамытуға мүмкіндік беруде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер