Түркістан қаласының индустриялық аймағында «Turkіstan Textile» Біріккен Кәсіпорын» тоқыма өнімдерін өндіретін тігін фабрикасы жұмыс істеуде. Аталған кәсіпорын 2020 жылы Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлерінің қатысуымен ашылған болатын.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі практикалық шаралар жоспары шеңберінде іске асырылды.
Айта кету керек, инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдері тұрғысынан тігін фабрикасының құрылысы рекордтық мерзімде аяқталды. Құрылысқа арналған капсула 2020 жылдың тамыз айында салынды және 3 айдан кейін кәсіпорын өз өнімін өндіруге кірісті.
Жобаның бастамашысы – өзбекстандық «Qojakent Textile» ЖШС компаниясы. 1000 адамға дейін жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін кәсіпорын жыл сайын 15 000 бірлікке дейін тоқыма өнімдерін: түрлі арнайы киімдерді (медициналық халаттар, жартылай комбинезон жұмысшылары, униформалар және т.б.), сыртқы киімдерді, «Ataman және Ramsay» брендтерімен ерлерге де, әйелдерге де арналған костюмдерді шығаруды жоспарлап отыр. Инвестиция сомасы шамамен 420 млн. теңгені құрады.
Жалпы, жобаны іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кешенді әсер етеді. Осылайша, инвестор қызметкерлерді жалдау кезінде мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдарға жұмыс орындарын ұсынуға баса назар аударуға ниетті. Сонымен қатар, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенттеріне практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ, фабрика өнімдері импортты алмастыруға оң әсер етеді деп күтілуде. Бүгінгі таңда Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл ретте тұтыну нарығындағы өнімнің 90% - дан астамы импортталады.
Түркістан облыстық әкімді инвестиция және экспорт басқармасының хабарлауынша, бүгінде Өзбекстанмен ынтымақтастық еліміздің экономикасында ерекше орын алады. Түркістан облысы Өзбекстанмен тауыр айналымы бойынша Алматы (19,4%) және Нұр-сұлтан (13,3%) қалаларынан кейін 3-орынды алады.
Жуырда аталған кәсіпорынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова арнайы келіп, еңбек ұжымымен кездесті.
Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтып берді.
Сөз басында Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу барысында сарапшылар мен азаматтық қоғамдастықтан 1000-нан астам ұсыныс түскенін, 50-ден астам заңдар мен 200 заңға тәуелді актілер зерделенгенін атап өтті. Әлеуметтік кодекстің қабылдануына орай 80-нен астам заңға өзгерістер енгізіледі және бұрынғы 10 заң күшін жояды.
«Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарды өмір бойы сүйемелдейтін болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдаудан қазақстандық отбасыларды нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылатын болады», – деді Еңбекминінің басшысы.
Министр Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Әлеуметтік кодекс жобасын іске асыру аясында:
- Отбасының цифрлық картасы арқылы проактивті форматта белгіленген әлеуметтік мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы отбасылардың әлеуметтік тәуекелдерінің алдын алу жүйесін қалыптастыру;
- жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейтуді, икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық бекіту мен реттеуді, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тартуды, ішкі көші-қонды реттеуді, жұмыспен қамту орталықтарын мансап орталықтарына айналдыруды және көрсетілетін қызметтерді ауқымды цифрландыруды көздейтін жұмыспен қамту саласында жаңа саясат жүргізу;
- бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту, мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру есебінен азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру;
- мемлекеттік жәрдемақы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді төлеу мерзімін бір жарым жасқа дейін ұзарту, наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтау шоттарына аударымдар жасау жолымен балалары бар отбасыларды қолдау шараларын күшейту;
- мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері, ауқымды цифрландыру және адами факторды төмендету арқылы мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту есебінен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту (Әлеуметтік қызметтер порталы, медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу) қарастырылғанын атап өтті.