«Turkistan» суы сатылымда

image.png

Түркістан қаласында «Turkistan» сауда маркасымен бөтелкедегі ауыз су шығарыла бастады.  Таяуда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Аслан Ибадуллаев «Түркістанның қасиетті суы» кәсіпорнының жұмыс барысымен танысты. 

«Түркістанның қасиетті суы»  60 метр тереңдіктен шығады. Бұл ешқандай  қоспасыз, минералдарға бай су. Кері осмосты қолданумен ультракүлгін сәулелерімен өңделеді. Және ол арнайы құрылғылардың көмегімен бөтелкеге құйылады.

 «Түркістанның қасиетті суында» кальций, магний, калий, йод, натрий және басқа микроэлементтер бар. Өздеріңіз білетіндей, кальций жүрек бұлшық етінің жиырылу күшін арттырады, иммунитетті жақсартады. Қабынуға қарсы әсері де бар. Сүйектердің өсуіне оң әсер етеді, олардың беріктігін нығайтады. Магний қандағы холестеринді төмендетеді, жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Сондай-ақ, бас ауруын жеңуге көмектеседі, жүрек пен тыныс алу жүйесін қолдайды. Йод қалқанша безінің қызметін белсендіреді, резорбция және қалпына келтіру процестеріне қатысады. Марганец ақуыз алмасуын жақсартады. Бұл судың денсаулыққа пайдасы зор. Түркістан – екінші Мекке саналатын қасиетті жер, әрбір келген қонағымыз біздің қасиетті суымызды тұтынады. Болашақта атақты брендке айналдыру жоспарда бар», – дейді кәсіпорын басшысы Мұхтар Бекжанов.

Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған. Су өңдейтін құрылғыны кәсіпкер 100 мың АҚШ долларына шетелден сатып әкелген екен. Қазіргі уақытта өндіріс орны күніне 1000 литр су шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ, шыны ыдысқа су құюға арналған арнайы жабдықпен қамтамасыз етілген. Оған қоса алдағы уақытта  шай түрлерін шығару жоспарда бар. 

Қазіргі таңда Түркістан қаласында қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту негізгі басымдыққа ие. Бұл – тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер.Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 6- айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 миллион теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты.Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны 2990 миллион теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды.

 Түркістанда инвесторлардың көмегімен микробизнесті, стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін қолдау мақсатында алғаш рет «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы ұйымдастырылған.Бұл алаңда мол табыс табудың қыр-сырын үйретіп, кәсіптің өркендеуіне үлес қосуға өңір кәсіпкерлері қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда, аталған жобаның 3 маусымы өтті. 88,3 миллион теңгеге 23 жоба кәсіпкерлер тарапынан қолданып отыр.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба қабылданған. Жоба бойынша екінші деңгейлі банктерден 6 пайыз несие алуға мүмкіндік бар. Алайда, банктер жекеменшік болғандықтан, өздерінің белгілі тәуекелдері болады. Сол себепті, несие беру үшін банктер жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды сұрайды. Соңғы жылдардағы табысыңызды есептейді, несие тарихыңызға мән береді. Жоба аясында «Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша инвестициялық мақсаттарға 20 миллион теңгеден аспайтын, айналым қаражатын толықтыруға, 5 миллион теңгеден аспайтын несие алуға болады. Кепілге қойылатын мүлік құны жетпеген жағдайда «Даму» қорынан 50-85 пайызға дейін кепілдік алуға болады.

Мәселен, үйіңізді 20 миллион теңгеге есептесе, үйдің материалдарына, ахуалына қарай банк есептелген мүлік құнының 50-70 пайызы несие ретінде береді. Ұсынып отырған несие сомасы 10 миллион  теңгені құрайды, ал сізге 20 млн. теңге қажет, ондай жағдайда Даму қорынан қажетті 10 миллион теңгенің кепілдігін алуға болады.Сонымен қатар, жоба аясында «Кәсіпкерлер/индустрия-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 360 миллион теңгеге дейін, бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлерге 1 миллиард теңгеге дейін мөлшерде несие алуға мүмкіндік бар.Аталған несиелерді РБК Банк, Форте банк, Еуразиялық банк, Жусан банк, Халық банктерінен қарастыруға болады.Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап 385 жобаға 12,7 миллиард теңгеге несие берілген. Ағымдағы жылы 218 кепілдендіру келісім-шартқа (сомасы 1,6 миллиард теңге) қол қойылған. «Дамудың» ашық деректеріне сәйкес, кепілдендіруге 2,3 миллиард теңге қаражат бар, ал несие пайызын субсидиялауға 252,6 миллион теңге қаражат ұсынылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер