Мақсат – анық, бағдар – айқын

image.png

Түркістан қаласында ел Президентінің Жолдауын талқылауға арналған түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы, әділетті қоғам – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Сондықтан еліміздің болашағын айқындайтын құжатты талқылау барлығымыз үшін маңызды.  Қаладағы «Түркістан темір жол» вокзалы ұжымында өткен жиын барысында қаланың  халық қалаулылары Мемлекет басшысының ауқымды мәселелер бойынша нақты тапсырмалар бергені туралы жан-жақты айтылды.

Кездесуде Түркістан қалалық штабының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев Жолддаудың негізгі басымдықтарына тоқталды. Міне, бір айдан астам уақыт Президент Жолдауын талқылап жатырмыз. Себебі, әрбір Жолдау бұл – сіз бен біздің келешектегі мақсатымыз бен міндетіміз. Қыркүйектің бірінші жұлдызында жарияланған жаңа Үндеу «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атауымен шықты. Онда денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлінді. Әрине, денсаулық сақтау саласы болсын, ғылым саласы болсын, мәдениет саласы болсын, өте өзекті мәселелер көп. Жолдау бес бағдарға бөлініп, әр сала бойынша атқарылар шаралар сараланып берілген. Жер, жол мәселесі, әйелдердің зейнеткерлік жасының төмендеуі, бала күтіміне арналған жәрдемақының ұзаруы, энергетика, тариф, ауылшаруашылығы саласы, кәсіпкерлікті қолдау! Яғни Президент қоғамның барлық саласын қамтыды.

Аталған Жолдаудың екінші бағдарында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайы­зын жақсарту жөнінде тапсырма берді.

Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдар­ды нақты айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру, денсаулық сақтау сферасын дамыту, инфрақұрылымды дамыту, елдегі төменгі жалақы мәселесін шешу сынды тегеурінді басым­дықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы тү­зеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.

Мемлекет басшысы Президет пен Мәжіліс сай­лауын мерзімінен бұрын өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, Президент 1 мерзімге қайта сайлау құқығынсыз, 7 жыл мерзімге сайланатын нұсқа ұсынып, оны Пар­ламент қарауына жолдады. Өз кезегінде бұл сайлау­дың маңызы өте зор деп санаймын, әрі стратегиялық та, саяси да зор маңызға ие деп білемін. Себебі, пар­тия туралы заңға өзгерістер енген соң, саяси әділетті топтардың ел мүддесі үшін атқарар істері де оңайлай түскені рас. «Әділетті Қазақстан» құру әділетті сай­лау өткізуден бастау алатынына халықтың да сенімі мол.

Осы ретте қоғамдық өмірдің барлық салаларын цифрландыру мен автоматтандыру салықтан түскен табыстың ашық әрі адал түрде іске асуын қамтамасыз ететіні анық. Сонымен бірге, алдыңғы қатарлы озық инновациялық технологиялар жалпы кәсіпорындар­дың бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін де қажет. Бұл бірінші кезекте цифрлы өркениет зама­нында адам капиталының дамуымен тығыз байла­нысты. Шын мәнінде бүгінгі күні ғаламторға қол­жетімділіктің өсуі саяси ақпарат ағынын арттырып, азаматтардың білім мен жаңа заман талабына сай кәсіби шеберліктерді жаппай игеруіне жол ашты»,- деді ол өз сөзінде.

Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Сүлеймен Арыстанов та өз ойын ортаға салды.  "Президентіміз әлемдік геосаяси және экономика­лық ахуалдарға мән бере отырып, тың шешімдер мен тапсырмалар берді. Елдегі экономиканы, бизнесті жүйелеуді, жер қойнауы мен су ресурстарын дұрыс пайдаланудың басқа да модельдерін құрастыруды тапсырды. Алдағы уақытта еліміз экономикасы қар­қынды дамыған, коммуникацияланған мемлекетке айналатынына сеніміміз мол. Мемлекет басшысы «Қазақ­станның қазба байлық­тарында халықтың үлесі бар» дегенді жиі айтады. Мұндай ұсыныстар тәуел­сіз сарапшылар тарапынан жиі ай­тыл­ғанымен осы уақытқа дейін орын­далмай келгенін бәрі­міз біле­міз. Егер бұл ұсыныс­ты мұ­най дәурені жүріп тұрған 2000-жыл­дардан бастап қолға алған­да, қазір балалардың үлесі туралы анағұрлым жетіл­дірілген ұсыныстарды талқылап отыратын едік.

Бұл жолы текке айтылған жоқ, оның орындалу тетіктеріне дейін талданды. Алдағы уақытта 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін төлем мемлекеттің кірісіне қарай өсе береді деп үміттенемін. Шын мәнінде, бұл бастама – Ресейдегі аналық капиталдың аналогі. Қаражатты дұрыс бөлсе, кез келген жас жиналған қаржыны өз елінде білім алуға жұмсап, кәсіп ашуға мүмкіндік алады.

Президент Жолдауында «мүм­­­кін­дігіне қарай өмір сүру­ді үй­рену керек» деп атап өтті. Бюд­жеттік саясат моделі «бюд­жеттік басқарудан» «нәти­же­лерді басқаруға» көшу арқылы ре­­фор­­маланады. Сондай-ақ жаңа Бюджет кодексін қабылдау қа­жет­­тігі туындайды. Бұл ретте мына жайттарға назар аудару керек»,- деді С.Арыстанов.

Сондай-ақ жиында "Түркістан станциясы" бастауыш партия ұйымының төрағасы Қадыр Сырлыбеков, қалалық мәслихат депутаттары Ақиқат Абдуллаев, "Шауғар" бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақытжан Құлжабаев та Жолддауға қатысты пікірлерімен бөлісіп, қатысушылардың кейбір сұрақтарына да жауап беріп өтті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер