Спортшы жастармен кездесу өтті

image.png

Еліміздегі маңызды құжаттардың бірі – әрине мемлекет басшысының Жолдауы. Болашаққа бағдар беретін Жолдауда айтылған мәселелер халыққа жетуі тиіс. Осы қағиданы ұстанған түркістандық депутаттар қаламыздың спортшы жастарымен кездесті. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары Ақиқат Абдуллаев және Дәурен Тәңірбергенов және «Шауғар »БПҰ төрағасы Құлжабаев Бақытжан қатысты.

 «АМАНАТ» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, қалалық қоғамдық штабының төрағасы Ғаппар Сарсенбаев модераторлық етті. Жиынды ашып берген ол билығы Жолдаудың маңыздылығын атап өтті. 

«Жолдаудағы ең басты саяси жаңалық, бұл - Мемлекет басшысының еліміздің саяси жүйесінің тұрақтылығын сақтаумен қатар, жаңа геосаяси тәуекелдер мен ішкі саяси сұраныстарға жедел әрі тиімді жауап беру. Қазіргі әлемде саяси өзгерістер көз ілеспес шапшаңдықпен өтіп жатыр. Сыртқы әлемде немесе ел ішінде болған кез – келген саяси өзгерістер оларға жедел әрі тиімді жауап беруді талап етеді. Олай болмаған жағдайда, бұл ішкі саяси тұрақтылық пен елдің әлеуметтік – экономикалық дамуына зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан, Президент өзі атап өткендей, келесі жылдың ортасына дейін еліміздің жоғары саяси басқару жүйесі толықтай жаңартылуы тиіс.

Әлемнің барлық өте дамыған демократиялық елдерінде Үкімет құрамы осылай жасақталады. Қорыта айытқанда, Президент Жолдауы демократиялық әрі әділетті «Жаңа Қазақстанның» ауқымды саяси жоспары және еліміздегі саяси реформалардың жаңа демократиялық либералды кезеңіне жол ашқан саяси құжат болды. Еліміздің Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балаларға төлеу қажет деген бастама орынды. Қазақстанда жастардың көбі үйсіз-күйсіз. Бұл бастама, менің ойымша, жастардың баспаналы болуына үлкен дүмпу болайын деп тұр. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы мен ажырасудың азаюына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы шиеленіскен үрдістерді азайтады. Мемлекет басшысы атаған әлеуметтік мәселенің бірі – 2025 жылға дейін 95 пайыз автожол жөнделеді. Жолдың мәселесін бір адамдай сезініп жүрміз. Тас жолдар жөнделсе, жаңасы салынса, экономика қарқынды дамиды. Ол – артерия. Себебі, барлық сауда-саттық, ішкі тасымал дәл осы тас жолдарға байланысты болып отыр»,- деді модератор. 

   Жалынды, жігерлі, еліміздің атын әлемге танытып жүрген, қоғамның салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізіп жүрген жастармен кездесуде  Дәурен Тәңірбергенов те өз ойын жеткізді.  Мемлекетіміз жаңа даму кезеңін бастады. Біз дана Абай қалаған рухани жолға бастап барамыз. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам». Жаңа тәуелсіз ұранымыз жарияланып, жолымыз айқындалды.  Алдымызда конституциялық реформа, жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам күтіп тұр. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық үлкен өзгерістерге ұласады деп ойлаймын. Экономикаға байланысты ұсыныстар көп.  Қазақстан өз дамуында кешенді реформа­лар арқылы саяси, экономикалық және әлеу­меттік салаларын жан-жақты жетілдірудің ауқымды процесін жүзеге асыруда. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт То­қаев бірнеше жылдың барысында ауқымды өзгерістерді іске асырып келеді. Олардың барлығы қоғамда жинақталған түйткілді проблемаларды, азаматтардың көтеріп жүр­ген өзекті мәселелерін шешуге, халықтың мүддесін қорғауды нығайтуға, әділеттілік принциптерінің мызғымастығын қамтамасыз етуге және отандастарымыздың өмір сапа­сын жақсартуға бағытталған. Бұл процестер Мемлекет басшысы өзі бастама көтеріп ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемле­кет» принципінің жан-жақты орындалып келе жатқандығының айқын көрінісі деп бі­лемін. Халыққа арналған қыркүйек айындағы Жолдауда еліміздің модернизациясы өзінің жалғасын тапты. Президенттік мерзімді екі мерзімнен бір мерзімге қысқартып, жеті жылдық көлемде бекіту ұсынылды. Бұл мем­лекетіміздегі саяси әралуандықтың нығаюы мен демократия принциптерінің кеңеюі деп есептеймін»,- дейді халық қалаулысы.

Кездесу соныңда қонақтар жиын қатысушыларына алғыс білдіріп, спортшы жастардың алдағы жарыстарда ел сенімін ақтайтындарына сенімділіктерін айтып, табыс тіледі.рдың алдағы жарыстарда ел сенімін ақтайтындарына сенімділіктерін айтып, табыс тіледі.





Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер