Түркістандықтардың әлеуметтік тұрмысы түзеліп келеді

image.png

90-жылдары Қазақстан­да дорба көтеріп сауда жа­сай­тындар, арба итеріп, нә­па­қа таба­тындар аз бол­ған жоқ. Бұ­қа­раның әлеу­меттік жағдайы­ нашар еді. Арада 30 жыл өтті. Бүгінде ха­лық­­тың әлеуметтік жағ­да­йы жақ­сарды, тұрмысы тү­зел­ді. Бұл да азаттықтың ар­қасында жеткен бір белес.  Қай елдің тұрғындарының әлеуметтік тұрмысы жақсы болса, демек сол елдің жүргізіп отырған саясаты дұрыстығын және экономикасы дамығандығын білдіреді. Қазақстанда да ең әуелі халықтың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын көтеруге баса назар аударылып келеді. Бұл бағытта түрлі әлеуметтік бағдарламалр жүзеге асырылуда. Сондай-ақ мемлекет басшысы да әр Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді айтып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Халықты сапалы өмірмен қамту мен әл-ауқатын жақсарту – мемлекеттің басты міндеті. Бұл сөздерді шынайы іске айналдыру қажет. Халықтың табысы экономикамен қатар өсуі керек»- деп шегелеп айтқан болатын.  

Қоғамдағы негізгі әлеуметтік проблемалардың бірі ол –  жұмыссыздық және төмен жалақы. Бұл санаттағы азаматтардың тұрмысын жақсарту үшін  елімізде түрлі жобалар іске асырылуда. Бағдарламалардың шарапаты Түркістан қаласының тұрғындарына да тиіп келеді.  

Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті — тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу. 

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 5 (бес) бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда, олар мыналар:

— еңбек қатынастарын үйлестіру;

— аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;

— мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау;

— Азаматтық хал-актілерін тіркеу;

— Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізіміліне сәйкес мемлекеттік қызметтің 22 түрі көрсетіліп, қызмет өз мерзімінде орындалып жатыр. Нақтырақ айтсақ:

Азаматтық хал актілерін көрсету секторында – 9 қызмет;

Жұмыспен қамту және жекелеген санатта ғы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында – 8 қызмет;

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару – 1 қызмет;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында – 3 қызмет;

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша 1 қызмет көрсетіледі.

2022 жылдың 9 айында ұзын-ырғасы 17 мың 386 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Жіліктеп айтсақ, тікелей бөлім арқылы – 1316, ХҚКО арқылы – 9225, электронды үкіметтің порталы арқылы 6845 қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

—  Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша – 10560 қызмет;

— Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша – 2874 қызмет;

— жекелеген санаттағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету саласы бойынша – 3198 қызмет;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында – 285 қызмет;

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша 3343 қызмет көрсетілгенін атап өткен жөн.

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира  Бейсенованың айтуынша 2022 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша  3 727 отбасыға (20 мың 530 адам) 1 144 863,0 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалып, төлем жасалынған. Нақты сандарды сөйлетер болсақ, ол былайша өрбиді:

2022 жылдың 1 тоқсанында 2 371 отбасыға (13 074 адам) 392 520,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі – 26 147,1 теңге;

2022 жылдың 2 тоқсанында 3 201 отбасыға (17 584 адам) 332 156,0 мың теңге  тағайындалған. Кедейлік шегі – 26 922,0 теңге;

2022 жылдың 3 тоқсанында 2 505 отбасыға (13 965 адам) 420 188,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі – 28 470,4 теңге;

Осы мен тілге тиек етіп отырған мәліметтерден байқасаңыз, әр тоқсан сайын кедейшілік шегі көтерілуіне байланысты өтініш берушілер саны артып отырған.

Жалпы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не? Мүмкіндікті пайдалана отырып «ANYQ.KZ» ақпарат агенттігі арқылы тереңірек мағлұмат беріп өтсем. Бұл — шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға  мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.

Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі: 

1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:

зейнеткерлік жасқа толуына;

бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;

екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:

үш жасқа дейінгі балаға;

мүгедек балаға;

бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке;

қарттар;

бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж.

Жалғыз басты және/немесе жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады?

ҚР-да атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады:

ҚР азаматтары;

оралмандар;

босқындар;

шетелдіктер;

ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.

Кедейлік шегі — бұл атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін критерий ретінде белгіленетін бір адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстардың шегі.

 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін EGOV kz порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып электронды цифрлы қолтаңба кілтімен (ЭЦП кілт) өтініш береді. Бұл ретте өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің шот номерін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттары қажет.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) бойынша 2022 жылдың басынан бері 9 айдың қорытындысында Түркістан қаласында 3 986 балаға 204 339,0 мың теңгеге КӘТ тағайындалып, төлем жасалынған. Таратып айтсақ,

2022 жылдың 1 тоқсанына 3 477 балаға (1-3/ 1605; 3-6/1872; 1-6/3477) 27 930,0 мың теңге тағайындалған.

2022 жылдың 2 тоқсанына 3 371 балаға (1-3/ 1644; 3-6/1727; 1-6/3371) 100 549,0 мың теңге тағайындалған.

2022 жылдың 3 тоқсанына 3 927 балаға (1-3/ 1853; 3-6/1945; 1-6/3798)   85 346,3 мың теңге тағайындалған.

Қалада демеушілер есебінен  де әлеуметтік көмектер  көрсетілуде.  2022 жылдың басынан бері 9 айдың қорытындысына сәйкес 1085 отбасыға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген. Бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 228 отбасыға, секторлардың ұйымдастыруымен 857 отбасыға, дәлірек тарқатсақ, Отырар м/а — 195 адам; Бекзат м/а — 150 адам; Шавгар м/а — 130 адам; Сауран м/а — 189 адам; Яссы м/а — 106 адам; Бірлік м/а 87 адамға әлеуметтік тұрғыда қол ұшын создық. Осы ретте демеушілер есебінен 1 281 балаға киім-кешек берілген.

 Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бар. Оның мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады.

Түркістан қаласы бойынша мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны 9523-ті құрайды. Оның ішінде 5433 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 67,2 пайызды құрап отыр. Жалпы жыл басынан мүгедектігі бар азаматтардың жеке бағдарламасына сәйкес 5329 құралға өтініш білдіріп, 3585 қамтамасыз етілген.

Оның ішінде тарқатып айтсақ:

Протез-ортопедиялық құралдарға 739 адам өтініш білдіріп, 380-і қамтамасыз етілген (51,4 пайыз);

Сурдо-техникалық құралдарға 195 адам өтініш білдіріп, 117-сі қамтамасыз етілген (60 пайыз);

Тифло-техникалық құралдарға 395 адам өтініш білдіріп, 283-і қамтамасыз етілген (71,6 пайыз);

Арнаулы жүріп-тұру құралдарына 314 адам өтініш білдіріп, 285-і қамтамасыз етілген (90,7 пайыз);

Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 1453 адам өтініш білдіріп, 541-і қамтамасыз етілген (37,4 пайыз);

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 309 адам өтініш білдіріп, 304-і қамтамасыз етілген (98,4 пайыз);

Ымдау тілі маманының қызметіне 89 адам өтініш білдіріп, 80-і қамтамасыз етілген (89,9 пайыз);

Міндетті гигиеналық құралдарға 1835 адам өтініш білдіріп, 1595-і қамтамасыз етілген (86,9 пайыз).

 Арнаулы әлеуметтік қызметтер — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені. Ол арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады. Ол халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі. Сонымен қатар ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді. Ол арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Тағы бір атап өтер жайт, Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға да үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін болды. Тиісті өзгерістер «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көзделген.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіндегі әлеуметтік қызметкерлер саны – 27 ( 1 меңгеруші, 1 кеңесші, 27 әлеуметтік қызметкер).

Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 37  жалғыз басты қарт зейнеткер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 100 мүгедектігі бар бала, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 142 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілген.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі дейді бөлім басшысы. Бұл ауру, жарақат, жас немесе мүгедектікке байланысты өзін-өзі күту, өздігінен қозғалу және өмірдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету қабілетінен толық немесе ішінара айырылған адамдар болуы мүмкін.

Кімге үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілуі керек және әлеуметтік қызметкерлер үйде қызмет көрсету жағдайында қандай қызметтерді ұсынады?

Үйде кім көмек ала алады? 

Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға болады:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар (тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар);

3)  психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер;

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар.

Сонымен бірге, бірінші және екінші  топтағы мүгедектер мен өздеріне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайы бойынша үйде күту  жағдайында  арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж қарт адамдарға 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес егер өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектер болса арнайы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Балалар, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар, 18 жастан асқан адамдар, мүгедектер және ерекше әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын қарт адамдар жеке тұлғалар болып саналады.

Бұдан бөлек Түркістан қаласы бойынша 2022 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер — 300, қамтамасыз етілгені — 300;

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022 жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не әлеуметтік қызмет алуға 48 мүмкіндігі шектеулі бала кешенді қызметтермен қамтылды. 

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым  70  ерекше балаға күндізгі бөлімшеге арнаулы әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді.

 Түркістан қаласының АХАТ секторы қызметкерлері 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасына сүйене отырып жұмыс жүргізеді. Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің  атын  өзгерту туралы хал актілерін тіркейді. 

Енді биылғы тоғыз айдың ішінде атқарған жұмыстарымызды сараласақ, 2022  жылдың  9  айында туу туралы — 5831, оның ішінде  өлі туылғандар – 79; неке қию туралы — 1438, оның  ішінде  шетел азаматтары — 18; қайтыс болу туралы – 718, оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар – 52; неке бұзу туралы – 49, оның ішінде сот шешімі бойынша – 18;  тегін, атын, әкесінің  атын өзгерту бойынша 28 хал-акті тіркелді. Сондай-ақ, күрделі істер, оның ішінде — түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істердің  саны – 286, жою туралы  істер – 12,  тууды мерзімі өтіп тіркеу істері – 0, ТАӘ  өзгерту  туралы  істері  — 28.

Сонымен  қатар, анықтамалардың саны – 1044,  қайталама  куәліктердің  саны 1296-ны құрап отыр.

2022 жылдың 9 айында ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 491-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалмаған.

Түркістан қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» №123 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап қызмет көрсетуде. 

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту бойынша Түркістан қаласында 9 айында барлығы 3343 мемлекеттік қызмет көрсетілді дейді бөлім басшысы.

Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметі есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленген.

Түркістан қаласы әкімдігінің 2 ақпан 2022 жылғы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген.

Қазіргі таңда 13  жұмыс орындарына квота бойынша жолдама беріліп, жоспар  81,2  пайызға орындалған.

Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында 2022 жылдың 15 сәуірінде Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

2022 жылдың 14 маусымында Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту салалары бойынша кездесу ұйымдастырылып, 60 сотталған адам қатыстырылған.

2022 жылдың 16 мамырында есепте тұрған тұлғалармен теологтар кездесу ұйымдастырған.

Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8-ші сыныптардағы балалары ағымдағы оқу жылында киім-кешекпен қамтылған.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 2022 жылдың 21 наурызында Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп, Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс-шара өткізіген.

2022 жылғы 20 сәуірде Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталған азаматқа ауқымды азық-түлік пакеті берілген.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен 2022 жылғы 26 маусымда өткізілетін цирк іс-шарасына сотталғандардың балаларына 50 билет берілген.

Түркістан қалалық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 8 шілдесінде кіші футболдан жарыс өткізілді.

Айта өтейік, пробация дегеніңіз – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 14915 зейнеткер өмір сүріп жатыр. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің саны үшеу, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің саны – 382, тыл еңбеккерлерінің саны 384-ті құрайды. Әр адамның міндеті – өз елінің тарихын білу және құрметтеу, Жеңісті бар­лық ұрпақтың жарқын болашағы үшін жақындатуда майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің ерлік­терін ұмытпау! ҰОС кезінде 1 млн. 200 мыңнан астам қазақстандық май­данға шақырылды, 20-дан астам атқыш­тар дивизиясы және басқа да құры­лымдар құрылды. Әскери қызметтері үшін жүздеген мың қазақстандықтар медальдар мен ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет Батыр атанып, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін жанын берді – олар шайқаста қаза болды, жаралар мен аурулардан қайтыс болды және хабарсыз кетті. 630 мың адам тұтқыннан оралмады. Қазақстан тәуелсізді­гінің 30 жылы ішінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсету, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының бас­ты басымдықтарының бірі болды. Қарт адамдарды әлеуметтік қор­ғау шаралары орталық және жергілікті дең­гейлерде жүзеге асырылады.

Біріншіден, жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер көлемі ұлғаюда. Азаматтардың 20 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері мынадай: ҰОС қатысушылары үшін – 193 714 теңге (289 адам), ҰОС мүгедек­тері үшін – 201 615 теңге (98 адам), басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимыл­дарының ардагерлері үшін (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т.б.) – 205 041 теңге (24 943 адам), ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар үшін – 161 174 теңге (3 886 адам), ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін –124 409 теңге (14 780 адам), ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне – 132 060 теңге (69 248 адам). Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетілуде. Олардың барлығы әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған гос­питальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бюджет және тартылған (демеу­шілік) қаражат есебінен ардагерлерге қиын өмірлік жағдайда қалғанда немесе мерекелік (естелік) күндерге материалдық көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетеді.

Түркістан қаласы бойынша көп балалы аналардың саны — 13291. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері — 621; «Күміс алқа» иегерлері — 2324; Батыр аналар — 75; 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар — 106; 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны – 10165. 

Қазақстанда құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.Алты бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналарға «Күміс алқа» алқасы беріледі, ал жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналар «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

Ал көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға келсек, кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:

төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;

бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;

алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;

жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;

сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге қосымша 4 АЕК бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.

Онлайн-қызмет арқылы осы жәрдемақыны тағайындауға өтінім беруге болады.

Қала деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында қарияларымыз жолдамамен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда: 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп, («Ардагерлер» үйіне 260 жолдама, «Мейір» ардагерлер үйіне 240 жолдама) ағымдағы жылы «Мейір» ардагерлер үйіне — 168, «Ардагерлер» үйіне 182 жолдамамен қамтамасыз етілді. 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.

15 ақпан Ауған әскерлерінің шығарылуына орай 141 Ауған соғысы ардагеріне 35 АЕК көлемінде, яғни 15115,9 мың теңге; 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне 3089 көп балалы аналарға 2 АЕК — 18923,2 мың теңге; 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне 381 ҰОСА теңестірілгендерге 25 АЕК — 30289,5 мың теңге; 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне 4 ҰОС ардагеріне 1000,0 мың теңге — 4000,0 мың теңге; 419 тыл ардагерлеріне 30,0 мың теңге -12570,0 мың теңге; 17 қайтыс болған ҰОСМ әйелдеріне 30,0 мың теңге, жалғызлікті 32 қартқа 1 АЕК — 510,0 мың теңге; иммун тапшылығымен ауыратын 8 балаға екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі — 3479,6 мың теңге; туберкулез ауруымен ауыратын 52 адамға 5 АЕК — 5623,8 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілді дейді  Эльмира Тұңғышбайқызы.

 Түркістан  қаласы әкімдігінің №2224 қаулысымен 13 желтоқсан 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Қоғаммен тең және белсенді араласуға қолдауда  әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 3 бөлімшесі арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде.

Біріншісі — «TEN QOGAM» бөлімшесі. Ол жеке тәсілді енгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді. Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істеу. Оларға қоғамдағы әлеуметтік көмектің барлығы дұрыс деңгейде көрсетілуі керек. Жұмысқа орналастырудан бастап, құқықтық, психологиялық кеңес беру, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету басты мақсат болмақ. Қаламызда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың түрлі қауымдастықтары бар. Сол қауымдастық мүшелерінің пікірлерін тыңдап, «оларға қалай қолайлы жағдай жасалу керек» деген ұсыныстарын тыңдап, талқылап, жағдай жасау. «Тең қоғам» орталығы – осындай мақсатта ашылатын орталық. «Нәтижесін береді» деген сенімдемін.

Екіншісі — «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесі. Ол өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға  әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мақсат – от басы, ошақ қасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Бөлімшеде ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін бола­ды. Біз қала тұрғын­да­рының жанайқайынан, негізгі мәселе­лерінен ха­бардар болып отыруымыз қажет. Бүгінде отбасылық жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белең алған кезеңі. Сондықтан осындай қызмет түрлі жағ­дайда қиындыққа душар болған әйелдер қауымына көмек көрсететін болады. Мұнда қабылдау және дәрігер бөлмесімен қатар қажетті құралдармен жабдықталған  пси­холог, тренинг, егу кабинеттері жұмыс істейді. Аталған бөлімше барлық мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын профилактика жұмыстарын үйлестіреді.

Үшіншісі — «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі. Ол қарттар және зейнет жастағы азаматтарға  қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда орталық 120 мүгедектігі бар азаматқа, 180 зейнет  жасындағы және 171 өмірлік қиын жағдайдағы азаматқа бірқатар әлеуметтік арнайы қызметтерді көрсетіп келеді. Мысалы: құқықтық көмек, медициналық, жұмыспен қамту, «Көмек» дағдарыс орталығына 3 әйел 12 баласымен жолданып, уақытша орналастырылды. Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.

Бағдарлама Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырым­да­масын ескере отырып әзір­лен­ді. Қартаю мәселелері жөнін­дегі са­рапшылар бүкіл ел бойынша бел­сенді ұзақ өмір орта­лық­та­ры­­ның көп болуын барынша қа­жет­­ті және уақтылы шара деп атай­ды.

Мұндағы бас­ты міндеттерінің бірі аға буын­ның саламатты өмір салтын қол­дау болып табылады. Барлық өңір­лерде, аудан-қалаларда Белсенді ұзақ өмір орта­лық­тарының ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бастап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс­ты бастау аса маңызды. Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

2022 жылдың 1 қазанында Түркістан қаласында Мұсабеков көшесі, 2а мекенжайында қарттар мен зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Өзін-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік–демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.

Белсенді ұзақ өмір орталығында дәрігердің бақылау мен кеңесі бойынша психологтың көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән, т.б үйірмелер қызмет етуде.

Ерекшелігі сол – 1 сеансы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ) бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодренаж  классикалық, гуаша, «баночный» және «акапунктурный» массаждарды жасайды.

БЭМ аппараты тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грижа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде. Орталықта аталған қызметтерді күніне 60-70 зейнеткер алады, яғни айға шақсақ, 1800-2100 адам қызмет алады деген сөз немесе оның үлесі қалада тұратын зейнеткерлер санының  16 пайызын құрайды.

Осы тұста атап өтер мәселе, 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 2021 жылғы ақпанда бекіткен болатын. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазақстанда 65 жастан асқан шамамен 1,5 миллион адам немесе бүкіл халықтың 7,8%  тұрады. Бұл көрсеткіш соңғы 6 жылда 1% өсті (2015 жылы 6,8%).

Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режімде «Ашық НҚА» порталында тал­қы­ла­нуда, онда әрбір тілек білдіруші өз ұсыныстарын бере алады.

Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.

 «Біздің ұйымымыздың бас­ты міндеттерінің бірі – аға буын­ның саламатты өмір салтын қол­дау болып табылады. Барлық өңір­лерде Белсенді ұзақ өмір орта­лық­тарының ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бас­тап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс­ты бастау аса маңызды», — деді Эльмира Тұңғышбайқызы.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

2021 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істейтін 30 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарт азаматтарға 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетіліпті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «Бір терезе» қағидаты бойынша үш бағыт бойынша жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруге пассивті өмір сүру менталдылығын өзгерту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру (йога, скандинавиялық жүріс, IT-сауаттылығын арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.).

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шараларды атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшері 100 пайызынан 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.

Бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жоспарлануда. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызғаға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бастамалар Түркістан халқының да әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізетіні анық. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер