Түркістан қаласыда нашоқорлыққа қарсы айлық өткізілді

Түркістан қаласында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы өтті. Бір айға жоспарланған айлық барысында жасөспірімдердің есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, Түркістан қаласында Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық әкімдік пен қала әкімдігінің мекемелері нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы бір айлық іс-шараның ашылуын өткізді. Оған полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысты. 

image.png

Есірткімен қарсы күрес айлығына қатысқан оқушылар, студенттер және облыс орталығының жастары есірткіге қарсы төзбеушілігін ұрандармен, түрлі қойылымдары арқылы білдірді.  

Полиция өкілдерінің айтуынша, өткен төрт айда есірткінің заңсыз айналымының 289 фактісі анықталған. Оның ішінде есірткі сатудың 12 фактісі және есірткі контрабандасының 64 жағдайы тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 килограм есірткі заттары тәркіленсе, синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 ақпараттық сайт бұғатталған.

- Есірткі – ғасыр дерті. Өкінішке орай оның жетегінде кететін жастар да жоқ емес. Түркістан қаласында есірткі таратушылардың жолын кесу бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде. Полиция қызметкерлерінің күшімен бірсыпырасы құрықталып, абақтыға жабылды. Жалпы есірткінің түрлері де сан алуан, соған сәйкес, құны да әрқилы. Есірткінің кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш секілді түрлері көп. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алғанда әуелі анашадан бастайды. Нашақорлықтан туындайтын зардаптар өте ауыр әрі көп. Мәселен, нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне СПИД секілді жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге, есірткіге еліткендер, оған ақша табу үшін қылмыс жасауға да бейім тұрады. Бір жағы денсаулығына зиян жасаса, екінші жағынан қылмысқа барады. Оның аяғы өкінішке ұрдырып жатады, - дейді Құрманбек Сахов.  

Психологтардың айтуынша, жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық қалыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруге апарады. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытқылары келіп топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай топтар үй жақта, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы «тексерістер» болады. Топтық психология, еліктеушілік, ермелік топ ішінде біреуі есірткі немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкогольге әуестенеді.

Түсінген адамға есірткінің жеңілі болмайды. «Жеңіл есірткілер» деп аталатындар және стимуляторлар басқа есірткіні қолданар алдындағы ерікті кедергіні жоюға ғана қызмет етеді. Ешкім бірден «екпеден» бастамайды. Статистикаға сүйенсек, героинге тәуелді нашақорлардың 90 пайыздан астамы оңай тастап кетемін деп алғашында марихуанадан бастаған екен. Ол адамдардың көпшілігі өздерін алдап, кез келген айламен ақтағанымен, есірткіге тәуелді болады. Есірткінің ағзаға қалай түскені маңызды емес. Маңыздысы – не түскені. Ал, одан кейін өзін-өзі алдау, үнемі «ләззат» іздеу, тәуелділік басталып, соңы ауру, өліммен аяқталады. Есірткі – қазіргі заманның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Ағзадағы есірткі заттардың көпшілігін анықтау мүмкін емес, олар ми мен психикаға теріс әсер етіп, адам бойында рухани деградация тудырады, сөйтіп дененің толық физикалық шаршауына алып келеді. Көптеген жастар денсаулығына және оқудағы жетістіктеріне зиян келтірмейтін зиянсыз есірткілер бар деп ойлайды. Дегенмен, бұл өте қауіпті де қате түсінік. Зиянсыз және қауіпсіз есірткілер болмайды. Кез келген есірткі у және алғашқы минуттан бастап денені уландырады. Тіпті ең «қарапайым» есірткінің өлімге әкелетін дозасы – бірнеше грамм ғана.

Жалпы бір айлық акция барысында Түркістан қаласында жастардың, студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен түрлі кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Онда полиция, дәрігерлер мен психологтар, қоғам белсенділері жұмыс істеді. Олар жастармен болған кездесулерде есірткінің зиянын жан-жақты айтып, өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру маңыздылығын атап өтті. Еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін тынымсыз еңбек етуге шақырды.

Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Ал полицейлер жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Agrofest túrkistan - 2024» салтанатты шарасы өтуде
  • Общественные деятели проявили активную гражданскую позицию
  • Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде АЭС-ке байлансты жиналыс өтті
  • «Қолынан іс келеді»: Президент Дархан Сатыбалдыға қандай баға берді?
  • АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер