Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Түркістан қалалық полиция басқармасы отбасылық зорлық-зомбылық пен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тиісті шараларды жүргізіп келеді. Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаевтың айтуынша, қала аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына қоғамның назарын аудару, зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған түрлі шаралар қолға алынған. Соның бірі «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы» акциялары мен айлықтары тұрақты өткізіліп келеді.

image.png

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүргенін айтты. «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет. Сондықтан полиция қызметкерлері олармен өте мұқият жұмыс жүргізіп, тиісті шараларды қолдануы керек» дейді. 

Президент айтпақшы, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды, - дейді басқарма басшысы. 

Сонымен қалалық полиция басқармасының бастығының айтуынша, бүгінгі таңда отбасы аясындағы құқық бұзушылықтар бойынша түскен шағым-арыздар, хабарламалар бойынша учаскелік полиция инспекторлары оқиға орындарына жедел шығып, тиісті шара қабылдап отырады екен.

- Осы жылдың жарты жылдығында отбасы шырқын бұзған жүзге тарта азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, соттың қарауына жолданды. Бұдан бөлек, басқа да осыған ұқсас хабарламалармен қоса жалпы жүзден аса азаматқа қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып, есепке қойылды. Есепке қойылған бұл азаматтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріліп, алдын-алу жұмыстары жүргізіліп келеді. Отбасының шырқын бұзған 36 азаматқа сотпен ерекше талап қойылды. Есепке қойылған бұл азаматтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріліп, алдын-алу жұмыстары жүргізіліп отырады, - дейді ол. 

Ал «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы» акциялары мен айлықтар аясында Түркістан қаласында облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының полицейлері, Түркістан қаласының басқа да мүдделі органдар мен жұртшылықты тарта отырып, халықтың кеңседе кездесу өткізді. Онда мамандар келушілерді қызықтырған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға құқықтық көмек көрсетті.

Бұл акцияда Түркістан қаласының барлық шағын аудандары қамтылды. Ол шағын аудандарда өткен кездесулерде қала тұрғындарына сала мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша, құқықтық кеңестер беріліп, отбасын қалай сақтау керектігі туралы кеңестер берді. Акцияны ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нысандары мен салдарын анықтап, зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мен қолдаудың қолданыс тетіктерін арттыруға ықпал етеді. Өз құқықтары туралы, үй агрессорына қалай әсер етуге болатындығы туралы кеңірек білуге көмектеседі.

Сондай-ақ осындай іс-шараларда тәртіп сақшылары тұрғындардың қатысуымен флешмобтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және заңнаманы түсіндіре отырып, дағдарыс орталықтарының байланыстары мен Сенім телефондары бар ақпараттық жадынамалар таратуда. Тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тексеруде. Түркістан қаласының полицейлері «егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, ана мен балаға қауіп төніп тұрғанын байқасаңыз, 102 телефоны бойынша дереу полицияға хабарласыңыз» деп жадынамалар таратты.

Сондай-ақ Президент Жолдауда нашақорлықпен күрес, синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керектігі тапсырылды. Негізінен отбасы шырқын бұзатын факторлардың бірі үй егесінің ішімдікке немесе нашақорлыққа салынуы болуы да бек мүмкін. Жалпы бұл биліктің де назарында тұрған мәселе. Қалалық полиция бөлімі есепте тұратын тұлғалар тарапынан қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында олармен алдын-алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қалалық профилактикалық есепте ішімдікке салынған – жүзге жуық, есірткіге әуес, бұрын сотты болған, жүйке ауруымен ауыратын, мерзімінен бұрын шартты түрде босанған, қорғау нұсқамасы шығарылған, сотпен ерекше талап қойылған,  шартты түрде сотталған, әкімшілік қадағалауға жататын жүздеген азамат пен отыздан аса жасөспірім есепке алынып, палиция бақылауына алынған.  

- Жоңарыда есепте тұрған азаматтардың ішінде отбасы шырқын жиі бұзатындар да жоқ емес. Тұрғындардан түскен арыздарды саралай келіп, есепте тұратын маскүнемдер мен нашақорлар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, Түркістан қаласындағы еріксіз емдеу орталығына маскүнемдікке салынған бір азаматы соттың шешімімен орналастырдық, - дейді Бауыржан Жанаев. 

Сондай-ақ Түркістан қаласында «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу» мақсатында да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. ERNUR.KZ сайтында осы тақырып аясында балаларға қатысты зорлық-зомбылық аясында жүргізіліп жатқан көптеген ақпараттарды табуға болады. Айталық, бүгінгі күні балаларға күш көрсету арқылы жасалатын қылмыстар санының ел бойынша өскені байқалады. 

Жер жерде қоғамдық ұйымдар, орталық және жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау органдары, мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстелдер мен кездесулер тұрақты ұйымдастырылып келеді. Мұндай іс-шараларды ұйымдастырудағы басты мақсат – ауыр қылмыстың жұрт болып жиылып шешімін табу, қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты органдармен бірлесіп жедел іс-қимыл жасау. 

- Есте болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда ұрпақ тәрбиесі, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әлімжеттік, отбасы құндылықтарын сақтау мәселелерін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Дидары өзгерген дүниеде қазақ қоғамын ілгері жетелейтін осы көк өрім жастар, заманның көшінен қалмай келе жатқан өскелең ұрпақ деп білеміз. Алайда, соңғы уақыттағы келеңсіз жағдайлар қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Қоғамдағы стигматизация, осындай фактілердің жылы жабылуы, ашық айтылмауына байланысты ресми дерек пен шынайы көрсеткіштің арасы алшақ болуы да ықтимал. Көптеген қылмыстық іс ашылмаған күйі қалады. Нақты дерек-дәйек анық болмаған соң, мәселемен күресудің механизмдері де тиімді болмайтынын ескеруіміз керек. Отбасы институты, бала қауіпсіздігі, қоғам құндылығы, адамның өмірі мен бостандығы, заң мен тәртіп тұрғысынан әлі де тереңінен қаузайтын түйткілді мәселе көп екенін көріп отырмыз. Жалпы республика бойынша айтар болсақ, осы жарты жылдың ішінде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыстың көбі Жамбыл, Павлодар, Атырау, Алматы, Қызылорда облыстарында болған. Зерттеулер балаларға зорлық-зомбылық көрсететін қылмыскердің портретін де дайындаған. Қазақстандағы бүлдіршіндерге қатыгездікпен жәбір көрсеткендер, ең алдымен өздері танитын, жақын араласатын адамдар екені анықталған. Жоғарыда айтқанымыздай, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәсі болған немесе ана мен балаға қауіп төніп тұрған жағдайда 102 телефонына хабарласуға толық болады. Шаөардағы әр орталықтың қызметі туралы халық хабардар болса, зорлық-зомбылықтың алдын-алуға септігін тигізеді деп ойлаймыз. Отбасын қолдау орталықтары балалардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуге тиіс. Түркістан облысында балалардың құқығын қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, - дейді басқарма басшысы. 

Ал Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Әрбір баланың өмірі біз үшін қымбат. Балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстың алдын алу маңызды, әлеуметтік мәні бар және қоғамдағы өткір мәселелердің бірі. Балаларымыздың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігі және отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықты профилактикалау үнемі билік назарында. Ең бастысы қаламызда әкімдік, прокуратура, полиция басқармасы және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық жұмыс жүйесі қалыптасқан. Сонымен қатар жас отбасыларды қолдау, сондай-ақ отбасыларда жиі кездесетін проблемалық мәселелерді зерттеу қажеттілігі туындауда. Әлеуметтік мәселелерімен келетін көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға арналған «Қамқорлық» жанұя орталығы» Түркістан қаласында ашылып, психологиялық, құқықтық жәрдем берілуде. Сондай-ақ, өз кәсібін игеруге ықпал ету, үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, денсаулық сақтау және және көші-қон бойынша мәселелерін шешуге көмек берілуде. Осы бағыттағы жұмыстар үнемі назарымызда», - дейді. 

Ата Заңымыз айқындап берген, ал Президенттің Жолдауында «мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы» деп басымдық берілген адам құқығы әрбір қазақстандықтың сана-сезімінде, іс-әрекетінде әрқашан бірінші орында тұруы қажет. Себебі адам құқығы қашаннан ең биік құндылық болып қала береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер