Еліміз құқықтық және әділ мемлекет құру жолымен ілгерілеп келеді. Мұны ел Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндетінің бірі – саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру» деп түсіндіреді. Жалпы, елімізде адам құқықтарын қорғау мәселесі егемендік ал¬ған алғашқы жылдан ерекше назарда тұр. 2022 жылы өткен референдумнан соң Конституциямызға енгізілген өзгерістерден соң да еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең қымбат қа¬зы-насын – адам жəне адамның өмірі, құқық¬тары мен бостандықтары деп бекітті.
«Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» болса, басты заңға сәйкес «Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс» дейді Президент. Сондықтан да қайда болмасын тәртіпті сақтау әрбір ел азаматтының бұлжымас міндеті.
Өкінішке орай кейде тәртіп мәселесі адамдардың бір-бірін сыйламауы мен құрметтемеуінен де орын алып жататыны белгілі. Мәселен, ел азаматтары көбінде жол ережесін өрескел бұзып жатады. Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Түркістан қалалық полициясы шаһар аумағында құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспары жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінге дейін орын алған қылмыстар мен жол-көлік оқиғаларына талдау да жасалған. Қылмыстың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға жеке құрам мүшелері толық жұмылдырылған. Іс-шара барысында жеке құрамның қызметі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын-алу, орын алған қылмыстарды ашуға бағытталыпты.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда автомобиль жолдарындағы жол көлік оқиғаларының орын алуына жүргізушілердің қателіктері себеп болып жатады. Бұдан кейін оған көліктердегі түрлі техникалық ақаулар, жолдың нашарлығы, ауа райының қолай¬сыздығы және тағы басқандай жанама факторлардың да әсер ететіні белгілі. Бірақ бәрібір, жол көлік апаттарының дені жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан, жауапкершіліктің аздығынан, жүргізуші тәжірибесінің жоқтығынан туындауда.
Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының бағдаршамы жоқ жол қиылыстарында жүргізушілердің ережені білмеуінен де орын алып жататыны белгілі. Яғни, бұл жерде кейбір жүргізушінің дайындығының төмендігін де аңғару қиынға соқпайды. Көп адам жол ережесінен бөлек, жолда жүргізуші мәдениетінің де бар екендігін ұмытпауы керек. Яғни, ол жол ережесін қатаң сақтау арқылы да өзге көлік иелеріне құрмет көрсеткен болады. Бір-біріне жүргізушілер көлік жүргізу мәдениетін таныту арқылы да талай жолкөлік оқиғасының алдын алуға болатынын ескерсе.
-Же ргілікті полиция қызметі бөлімшесінің жеке құрамымен жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып отырады. Жол-көлік оқиғалары орын алған тұстар жолдың қауіпті аймақтары саналып, мұндай аймақтарға тәулік бойы автопатрульдеу қойылуда. Жеке құрамның қызметі өрескел жол ережесін бұзған деректерді анықтау, оның ішінде ішімдік ішіп автокөлік құралын басқару, қарама-қарсы бағытқа шығып кету, авариялық ахуал туғызу, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кету және тағы басқа деректерді анықтауға бағытталған. Қалада адамдардың жарақаттануына және қаза болуларына әкелген 30-дан аса жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы жол-көлік оқиғаларының, яғни жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан бірнеше азамат оқйға орнында және жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілгеннен кейін алған жарақатынан қайтыс болған. Жеңіл және ауыр жарақатты жүздеген азамат алған.
Қауіпсіздік жол жүру ережесін жатқа білумен ерекшеленбей, оны өзіңе, өзгеге деген құрмет арқылы қолданған жөн. Өз бетінше оқып, жүргізуші куәлігін алған соң олар да өз білімдеріне, көлік жүргізу даярлығына сенімді. Біз бұл арада адамның өз бетінше ізденіп, оқып, қажетті білім аларына күмән келтіріп отырған жоқпыз. Статистикаға қарасақ, жол-көлік оқиғаларының дені жүргізушілік өтілі бір жыл болмаған көлік тізгіндеген азаматтардың кінәсінен орын алады, - дейді басқарма басшысы.
Жуырда Түркістандық патрульдік полиция қызметкерлері түнгі сағат 2:30 шамасында рейд кезінде күдік тудырған «Lada Granta» маркалы автокөлікті байқап, тоқтатады. Бірақ полицияның талабына бағынбаған жүргізуші қайта жылдамдықты асырып, қаша жөнелді. «Біздің потрульдік полиция қызметкерлері көлік тізгіндеушіні соңынан қалмай, қолға түсірді. 38 жастағы спирттік ішімдік ішіп алған жүргізуші полиция қызметкерлеріне бағынбай, қарсылық көрсетті. Құжаттарын тексеру кезінде оның мас күйіне күдіктінген сақшылар ер адамды сараптамаға жеткізіп, мас халде болғанын растады. Анықталғандай, жүргізуші бұған дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін сотпен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты. Қазіргі уақытта көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде рульге қайта отырған жүргізушіге қатысты жиналған материалдарды полицейлер сотқа жіберді», - дейді Бауыржан Жанаев.
Ел дамуының ең маңызды құжатына айналған Конституцияның алғашқы екі бө¬лімі халықаралық құқықтық шарттарға сай адам құқықтарын қорғауға негізделген. Жал¬пы әлеуметтік жəне экономикалық, аза¬мат¬тық пен саяси құқықтың барлығын бір жерге біріктірсек те, нормалардың ішін¬де адам құқының қорғалуы басымырақ түседі.
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің жеке құрамымен қала аумағында көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын-алу, азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында жеке құраммен алдын-алу жұмыстары ұйымдастырылып отыр. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық полиция тобының инспекторлары көшелерде патруль бағыттарында күндізгі және түнгі уақытта автопатрульдеу және жаяу патрульдеу атқаруда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда ел өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери және басқа да қырлары толыққанды қамтылды. Соның ішінде қоғам тыныштығын сақтауда тәртіп сақшыларының атқарар міндеті көп. Қоғам дамуында елдің ішкі саясаты нық, ішкі тәртібі бекем болуы аса маңызды. Полиция қызметкерлері, сол тәртіпті қамтамасыз етіп келеді. Жолдаудағы тың өзгерістер мен ел дамуының басым бағыттары тәртіп сақшыларының да жұмысын қамтыған.
Тағы бір ерекше атап өтерлік мәселе құқық қорғау органдарын реформалау туралы. Бұл сала әрдайым қоғамның жіті назарында болатындығы белгілі.