Жедел профилактикалық іс-шаралар өз нәтижесін беруде

Түркістан қаласында бір мезетте осы жылдың 19-23 тамыз күндері «Борышкер», «Пәтер және басқа да жол ережесі мен түнгі уақытта тәртіп бұзған жасөспірімдерді анықтау мақсатында жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді. 

Screenshot_23.jpg

Түркістан қалалық сот төрайымы Айгүл Жаңбырбаеваның айтуынша, Түркістан қаласы көлемінде 2023 жылдан бүгінгі күнге дейінгі салынған айыппұлдарды өндіру бойынша сот орындаушылармен бірлескен тиісті жұмыстар жүргізілуде. «Түркістан облысы мен Түркістан қаласында айыппұл арқалаған азаматтар жүздеп саналады. Соның ішінде айыппұлы тиісті шектен асып кеткен азаматтар да бар. Мәселен, былтыр осындай жедел профилактикалық іс-шара барысында айыппұлы 1 миллион 100 мың теңгеден астам 16 автокөлік иесі анықталса, келесі бір көлік иесінің айыппұлы 4 миллионға жеткен. Ал 6,5 миллион теңге айыппұлы бар бір түркістандық жүргізуші автокөлігінен айырылды. Ал бір күн жүргізілген іс-шара барысында 30-дан аса айыппұлы бар азаматтың автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Өндірілмеген айыппұлдар бойынша мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында әкімшілік істер Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы Түркістан облысы бойынша атқарушылық округіне жолдануда, - дейді ол.

Қала тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақытында, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7 тәулік ішінде төлесе 50 пайыз жеңілдік қаралғаны ескертілуде. Егер уақтылы төлемеген жағдайда айыппұл 2 есеге көбейтілетінен қала тұрғындары хабардар. «Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 40 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында сот орындаушыға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығы туралы ескертеміз», - дейді Айгүл Жаңбырбаева. Жалпы тұрғындар айыппұлдар бойынша қосымша ақпараттарды Түркістан қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінен біле алады.  

Ал тамыз айының 19-21 күндері аралығында Түркістан қаласында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп, осы қылмыстың алдын алу шаралары жүргізілді. Сондай-ақ Түркістан қаласы аумағында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Anti-froud» жедел профилактикалық іс-шарасы да өткізіліп, тиісті шаралар қолға алынды. 

Бұдан бөлек, қала және облыс жолында өткізілген жедел профилактикалық барысында Түркістандық полицейлер бір тәулікте 500-ге тарта құқық бұзушылықты анықтап, 32 көлікті айыптұраққа қойған. Жергілікті полиция бөлімінің мәліметіне сүйенер болсақ, қоғамдық қауіпсіздікке басымдық берілген іс-шараның алғашқы тәулігінде полиция басқармасына 52 тұлға жеткзілген. 

Жалпы тәртіп сақшыларымен 496 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде қоғамдық сала бойынша 46, жол саласы бойынша 450 дерекке хаттама толтырылған. Мәселен, ұсақ бұзақылық бабымен 22 дерек, қоғамдық орында мас халде жүру бойынша 8 дерек, белгіленбеген орында сауда жасаумен 3 дерек анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара қолданылды. Атап айтсақ, Түркістан қаласында полиция, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері мен қалалық әкімдік тарапынан құрылған жұмысшы топ заңсыз сауда-саттықтың алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған болатын. 

Яғни, заң талаптарын бұзған, белгіленбеген орындарды өз бетінше иемденген кәсіпкерлер мен саудагерлерге әкімдік тарапынан бірнеше рет түсіндіру шаралары жүзеге асқанымен, кей азаматтар ескертуге немқұрайлық танытқан. Олармен бүгінгі таңда қала полициясы мен қала әкімдігі күресіп келеді. Қала әкімдігі ендігі кезекте заңсыз орналасқан сауда дүңгіршектерінің иелеріне «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 204-і бабымен хаттамалар толтырылып, дүңгіршектер айыптұраққа қойылатынын ескертті. 

Ал ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу бойынша 4, егістіктер мен маяларды жою бойынша бір, абаттандыру қағидаларын бұзуға байланысты үш жағдай тіркеліп, құқық бұзғандар жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, тіркеусіз жүрген 2 азамат анықталды. Түнгі уақытта қараусыз жүрген 3 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 32 тұрғынға шара қаралды. Арнайы айыптұраққа 32 автокөлік қойылды. Іс-шара барысында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қарама-қарсы қозғалысқа шыққан жүргізушілер дрон арқылы анықталды. Басқа да арнайы бейнебақылау камералары бар соңғы үлгідегі қызметтік көліктер пайдаланылды.

Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаевтың айтуынша, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны 26,6 пайызға, ауыр және аса ауыр қылмыстар 31,6 пайызға төмендеген. Соның ішінде бұзақылық қылмысы 41,9 пайызға, бөтеннің мүлкін ұрлау 29,1 пайызға, алаяқтық қылмысы 35,3 пайызға азайған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер