Түркістан қаласында қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге күш салынған

Түркістан қалалық полиция басқармасы облыстық полиция департаменті басшылығының тапсырмасымен жедел профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда. Мәселен, өткен аптада жол потрульдік полиция өкілдерінің қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылды. Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаевтың айтуынша, Түркістан қаласы мен облыс аудандарында өткізілген.

Screenshot_24.jpg

- Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шарадан түркістандық полиция қызметкерлері де шет қалмады. Жалпы бұл іс-шара – полицияның азаматтармен өзара байланыс жасауда жаңа модельге көшуінің бір бағыты десек болады. Акция барысында полиция қызметкерлері 495 азаматты жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Олардың басым көпшілігіне құқықтық түсіндірме жүргізілді. Тұрғындар тарапынан қойылған  сұрақтардың 45-і автокөлікті тіркеу мәселесі болса, жүргізуші куәлігін алу тәртібі бойынша 55 сұрақ, ал жол жүрісін ұйымдастыру мәселесімен 141 сұрақ, автокөлік құралдарын қайта жабдықтау мен газ құрылғыларын орнату бойынша 17 сұрақ қойылған. Ал айыппұлдарға қатысты 175 сұрақ, көші-қон қызметіне байланысты 47 және Ішкі істер органдарына қатысты басқа да мәселелер бойынша 15 сұрақ қаралып, олардың барлығына полиция өкілдері заң аясында жауап берді, - дейді Бауыржан Жанаев. 

Бұл акциямен қатар пробация есебінде тұрған азаматтарды, қаруы бар және қалада жүрген шетелдіктердің өздеріне белгіленген талаптарды сақтауы бойынша жедел профилактикалық іс-шара жүргізілді. Полиция қызметкерлері отызға жуық қару иесінің мекенжайына барып, қарудың сақталуы, рұқсат етілген мерзімдерін тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғалардың мекенжайлары бойынша тексеру жүргізіліп, 100-ге тарта тұрғынмен профилактикалық түсіндірме шаралары атқарылды.

Көші-қон қызметі бойынша Түркістан қаласына  келген шетел азаматтары да назардан тыс қалмай, бақылауға алынды. Олардың құжаттары мен Қазақстан Республикасында болу мерзімдері тексеріліп, көрсетілген мекенжайларында ғана тұрақтау ескертілді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру туралы идеясының негізгі мақсаты – елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамның мүддесі мен талап-тілегін ескере отырып, осы мақсатта жұмыла әрекет етуіміз қажет. Бұл жауапты іс тікелей құқық қорғау саласы қызметкерлерінің адал еңбегі арқылы жүзеге асады. Сондықтан полицияның кедергісіз қызмет етуіне барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ, жергілікті полиция учаскелік бекеттері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Учаскелік инспектор тұрғындардың арыз-шағымын өз бекеттерінде қабылдап, кез-келген мәселеге дер кезінде ден қояды. Бекеттерде учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен қатар, көші-қон қызметі, әкімшілік практика, пробация қызметкерлерінің жұмыс орындары, демалыс орындары қарастырылған. Полиция пункті бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Яғни, бұл – халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қарқынды қадам деп білемін. Елдің амандығы мен құқықтарының сақталуы ішкі істер саласының қызметкерлеріне ғана емес, қоғамның алдындағы міндет. Бұл жұмыстарды бәріміз бірлесе атқаруымыз қажет, - деді Бауыржан Жанаев. 

Жалпы өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне күш салынған. Атап айқанда, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосу үшін «Ұлттық Ұланның» әскери бөлімі құрылған. Ұландықтарды орналастыру үшін Түркістан қаласынан арнайы ғимарат берілген. Жалпы полиция қызметкерлеріне былтыр 252 жаңа көлік табысталса, биыл тағы да 30 автокөлік алынған. Осының барлығы полиция қызметінің жақсаруына, қылмыс санының азаюына әкеліп отыр.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Общественные деятели проявили активную гражданскую позицию
  • Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде АЭС-ке байлансты жиналыс өтті
  • «Қолынан іс келеді»: Президент Дархан Сатыбалдыға қандай баға берді?
  • АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
  • В Шымкенте проведена информационно-разъяснительная работа по вопросам религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер