Отбасында баланың құқықтық сауатын арттыруға мән беру керек

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі, бұзақылық жасауы, үйден қашуы, жалпы жасөспірімдердің қылмысқа баруын азайту мақсатында Түркістан қаласында тиісті іс-шаралар қолға алынған. 

Screenshot_39.jpg

Атап айтсақ, жасөспірімдерге қатысты аталған мәселелердің алдын алу мақсатында бірінші жарты жылдықта Түркістанда жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 198 кәмелетке толмаған және тұрғын үйден тыс жерде жүрген 4358 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 268 қолайсыз отбасы тіркелген. Сондай-ақ, қылмыс пен құқықбұзушылық жасаған 427 кәмелетке толмағандар полицияның есебіне алынған. 

– Есепте тұрғандармен профилактикалық жұмыс жасалып, олардың үй-жайы, оқу орындары бойынша тексерістер жүзеге асырылады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда біз өз құзыретіміз шеңберінде тиісті шаралар қабылдап, мүдделі органдарға хабарлаймыз. Девианттық тәрбиедегі мінез құлқына байланысты бес-алты жасөспірім арнайы режимдегі мектепке орналастырылса, жиырмаға жуық тұлға ата-ана құқығынан айырылып немее шеттетілді. Ал кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін 268 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдер қылмысы, заңды өкілдерсіз жүргені үшін үш мыңға тарта ата-ананың жауапкершілігі қаралды. Білім бөлімдері, комиссия мүшелері, жастар орталықтары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, мобильдік топ құрылып түнгі рейд пен жедел профилактикалық шара барысында «Жасөспірім заң қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» «Қауіпсіз мектеп» атты жиындар өтті. Түркістан қаласында елуге тарта кәмелетке толмағандарға қатысты қырықтан аса үйден кету хабарламасы тіркелген, – деді Түркістан қалалық полиция басқармасының састығы Бауыржан Жанаев.

Балалардың құқықтарын қорғау – мемлекет саясатының басты бағытының бірі. Олар көшеде, үйде және мектепте қауіпті жағдайлардан қорғалуы тиіс. Сонымен қатар, жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында екені анық. Сондықтан балаларды жалпыға міндетті білім берумен қамту – басты назарда.

– Мектеп жасындағы бала ең алдымен сауатын ашып, білімін жетілдіру керек деп ойлаймын. Ең бастысы – сауатты ұрпақ болып жетілсек, арманға қол жеткізу асқан қиындық тудырмайды деген ойдамын. Жасөспірімдер қалыптасу кезеңінде түрлі қызыққа бой алдырады. Кейде есейгеніңді сезініп, түн қатып, көшеге шыққың келеді. Көшеге шыққан соң, ересек балалар темекі ұсынып, «сыраның дәмін татып көр» деп ұсыныс айтқан кездер болды. Немесе аулада балалар біреуге әлімжеттік жасап, ұялы телефонын тартып алып, кейде әлдебір қателігі үшін жазалап, біреуді соққыға жығатын жағдайларын көресің. Мұндай сәтте сол нәрсеге араласып, арашалауға, бәрін тату жолмен шешуге шақырамын. Мүлде сотқар балалар болса, әлсізді қорғап қалуға, әділетті болуға тырысамын. Мені ата-анам имандылық пен спортқа тәрбиеледі. Осы екеуі бала үшін ең дұрыс шешімді қабылдауға ықпал ететініне көзім жетті. Замандастарым имани жолмен айтқан кеңесімді тыңдамай бара жатса, күшпен қоққанлоққыны болдырмауға атсалысып, төбелестің алдын аламын. Үйде әке-шешеміз үнемі «жаман істен аулақ бол, бізді жерге қаратпа» деп айтып отыратындықтан, осындай келеңсіз нәрселерге бой алдырмай, аулақ жүремін. 18-ге толмаған баланың беталды көше кезіп, өз бетімен жүруіне қарсымын. Өзім де үйдің төңірегіне екі-үш мәрте ғана шыққаныммен, ұзап көрмедім. Ал, көшеге шықсаң, түн қатып жүрсең, міндетті түрде келеңсіз оқиғаға ұрынатының сөзсіз. Сол нәрседен аулақ болу мақсатында, ата-анамның қасында, теледидар көріп, кітап оқып үйде отыруға тырысамын, – дейді 16 жастағы Мәлік Садықов. 

Білім беру ұйымдарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бейнебақылау камераларын интеграциялау, мамандандырылған күзет қызметі, дабыл түймесі, турникеттермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, балаларды мектепке сапалы және қауіпсіз тасымалдауды жүзеге асыру үшін арнайы автобус қамтылған. Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесін жаңа оқу жылынан бастап облыс мектептеріне пилоттық жоба ретінде енгізген. 

– Бала күнінің жартысын мектепте өткізеді. Ол қауіпсіз ортада жүр ме? Буллингке, яғни қандай да бір қысымға ұшырамады ма? Құқығы шектелмеді ме? Мектеп жасындағы бала «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесі арқылы QR код қойып, қысым болып жатса, sms жібере алады. Сол sms бойынша, біз комиссия болып барып, зерделейміз. Сол факт бойынша нақты шешім қабылданады. Дегенмен түрлі жағдайдағы балалар құқығы бойынша арыз-шағым көп түседі. Бірақ оларды ашып айтуға болмайды, себебі әрқайсысының өз құпиясы бар. Оны жария етуге болмайды. Ең ескеретін бір жағдай, бала құқығын білу, қорғау, сақтау ең алдымен ата-ананың міндеті. Яғни, әр ата-ана баланың заңды өкілі болғандықтан, бала құқығына үлкен жауапкершілікпен назар аударып, мұқият әрі сауатты болса дейсің. Әрбір үйдің үлкендері баланың қандай құқығы бар екенін немесе құқығы тапталмады ма, соны алдымен өзі түсініп, сосын баласына да түсіндіріп жүруге тиіс деп санаймын. Әр отбасы осыған мән берсе, сауатын арттырса, нұр үстіне нұр болар еді, – деді қалалық мәслихат депутаты Жамила Сүлейменова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Общественные деятели проявили активную гражданскую позицию
  • Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде АЭС-ке байлансты жиналыс өтті
  • «Қолынан іс келеді»: Президент Дархан Сатыбалдыға қандай баға берді?
  • АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
  • В Шымкенте проведена информационно-разъяснительная работа по вопросам религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер