Тәртіп – маңызды мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында барлық саланы жан-жақты айта келіп, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мәселесіне баса назар аударды.

Screenshot_22.jpg

Мемлекет басшысының қоғамдық тәртіпке көңіл аударуы бекер емес. Қазіргі таңда азаматтардың қауіпсіздігі басты мәселе. Тұрғындардың бір-біріне құрметпен қарау, сыйласу мәселелері аса өзекті. Президент Жолдауында: «Тағы бір мәселе – азаматтардың қауіпсіздігі. Жеке адамнан бастап тұтас қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Көптеген елде, тіпті кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде қылмыс пен тәртіпсіздік өршіп тұрғанына қарамастан, біз соңғы жылдары қауіпсіз қоғам құру жолында едәуір жетістікке жеттік. Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тыйылып келеді. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды», – деп атап өтті.

Жалпы, ортақ тәртіпке бағыну, өзге адам мен қоршаған ортаны ластамаудың үлкен мәдениет екенін түсінетін мерзім жетті. Бұл үдеден Түркістан қаласының тұрғындары да шығып келеді. Тәртіп пен тазалықты сақтауда қалада соңғы жылдары оң өзгерістер байқалады. Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаевтың айтуынша, мұның барлығы Президентіміздің жүргізіп отырған саясаты мен тәртіп сақшыларының жедел қимыл іс-әрекетінің және жиі ұйымдастырылып отырған рейддердің жемісі. 

- Түркістан қаласының полицейлері заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды үздіксіз атқарып келеді. Мәселен, бірнеше апта ішінде құқық бұзған 7500-ден астам құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін полицияға 107 тұрғын жеткізілді. Ал тіркеусіз тұрған 307 құқық бұзушыға шара қолданылды. Сондай-ақ қалада негізінен тұрмайтын шетелдік жеке тұлғаларды тіркеуге жол бергені үшін 6 тұрғын үй иесі жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, Түркістан қаласында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс жасап жүрген 6 шетел азаматы анықталып, елден шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктердің жұмыс күшін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші 4 тұрғын жазаға тартылды. Полицейлер әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды күшейтіп, қолайсыз жағдайдағы отбасыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды жандандыруда. Сондықтан тұрғындарға «Учаске» профилактикалық шарасы кезінде полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамыз, - деді басқарма бастығы.

Ал Түркістан облысы бойынша полицейлер бір тәулік ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтаған. Облысының аумағында өткізілген «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады. Оның ішінде 229 шетел азаматы мен Қазақстан Республикасының 51 азаматы тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мәселен, Қазақстан Республикасы Көші-қон заңнамасын бұза отырып, шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз бергені үшін 40 құқық бұзушы және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін-11 ҚР азаматына жаза арқалаған. Түркістан қаласында 6 жеке тұрғын иесі жаза көрді. Жалпы халықтың көші-қоны туралы ҚР Заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен 60 шетелдік азамат елден шығарылған.  

– Мемлекет басшысының тәртіпке назар аударуын қызу қолдаймыз. Тәртіп – аса маңызды мәселе. Біз Түркістан қалалық полиция басқармасы облыстық полиция департаментімен үнемі тығыз байланыста жұмыс істейміз. Полиция саласының жұмысы тәулігіне 24 сағат қызып, қарбаласып жатады. Қай кезде де жұмыс қарқыны төмендемейді. Нәтижесінде жүздеген тұрғындар зардап шегуден құтылып, қылмыстардың жолы кесіліп жатады. Полиция қызметкерлері арасында құрметтеуге лайық, батыр азаматтар көп. Солардың арқасында небір ауыр қылмыстар ашылып жатыр, – дейді Бауыржан Жанаев. 

Қорыта келгенде, қалалық құқық қорғау органдары жауапкершілікті сезініп еңбек етуде. Қылмыстарды ашу, аса ауыр қылмыстарға қатысты азаматтармен жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен, барлық істі құқық қорғау саласының қызметкерлеріне аударып, салғырт жүруге болмайды. Мәселен, отбасылық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, жасөспірімдердің тәрбиесіне жауап беру әр отбасының және ата-ананың міндеті. Есірткіге қарсы күресте де қала тұрғындары ойланып, жастарға оң бағыт бергендері дұрыс. Сонда қылмыс саны азаяды, тәртіп болады. Сонда Мемлекет басшысы талап етіп отырған қатаң тәртіпке де қол жеткіземіз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер