Волонтерлер жемқорлыққа қарсы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ өз жұмысын Түркістан қаласында қорытындылады. Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу.

Screenshot_23.jpg

Топ құрамына анықталған әлеуметтік мәселелерін шешуге жауапты облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус, мәслихат депутаттары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі, облыстық қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйым төрағалары енген. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңына Түркістан қаласында 80-ге жуық азамат тұрмыстық мәселе көтерді. Кездесу барысында қала азаматтары баспана, жер мәселесін, тұрақты жұмыспен қамту, денсаулық, білім саласына қатысты сауалдарын көтерді. Қала тұрғындары тарапынан түскен сұрақтарға Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының еріктісі Гүлманат Байзақовамен бірге Әділет департаментінің өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері, антикор еріктілері, адвокаттар мен заңгерлер, сот орындаушылар  жауап беріп, көтерілген мәселенің шешу жолдарын көрсетті. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша қала әкімдігі ғимаратында мәжіліс өткізіп, хаттамалық тапсырмалар берілді.

Жалпы бүгінгі күні елімізде волонтерлардың белсенділігі артып келеді. Соңғы жылдары еріктілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларға зерделеу жүргізіп, қоғамды алаңдатқан маңызды мәселені шешуге атсалысуда. Осы орайда Түркістан облысында іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы нәтижесін беріп жатқанын айта кету керек. Жобаның мақсаты – тұрғындарды ерікті ретінде жемқорлыққа қарсы күресуге тарту. Жоба келесі жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады. 

- Бүгінгі таңда облысымыздан сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына 150 азамат қосылған. Жобаға қатысуға өңіріміздің барлық елді мекендерінің белсенділері ниет білдіріп, еріктілер қатарынан табылған. Олардың арасында Түркістан қаласының белсенді азаматтары, студенттер, қоғамдық ұйымдардың, зерттеу орталықтарының, заң саласының, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының өкілдері бар. Жоба барысында волонтерлар мемлекеттік сатып алу порталына зерделеу жүргізу барысында Түркістан қалалық мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы мен бірқатар жеке кәсіпкерлердің жұмысына зерделеу барысында заңсыздықтарды анықтап, заң шеңберінде құқық қорғау органдарының араласуымен кемшіліктер қалпына келтірді. Сонымен бірге, қаладағы бірқатар көшелердегі автомобиль жолына еріктілердің қатысуымен қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Оған себеп – мердігер мекеме тарапынан жүргізілген жұмыстардың сапасына қатысты тұрғындардан түскен арыз-шағым себеп болған.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жолдың негізгі қабаты бүлінгенін анықтаған. Яғни, жолдың негізгі асфальт қабаты бүлініп, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіруде. Еріктілер тарапынан қалалық әкімдікке енгізілген ұсыныс нәтижесінде аталған кемшіліктер мердігер мекеме тарапынан жойылып, жолдың бұзылған жерлері қайта салынып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді, – дейді Әсілбек Сәбит.

Осы секілді атқарылған жұмыстар көп. Жуырда аталмыш жоба аясында еріктілерге қоғамдық бақылау жүргізудің негізгі тетіктерін түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Семинарға спикер ретінде Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит, Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары, заңгерлер, қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйым төрағалары және AMANAT партиясының Түркістан қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы қатысып, жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында еріктілер тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер тарапынан тиісті жауаптар берілді. Жалпы бүгінге деңгейде өткен мобильді қоғамдық қабылдауда халық арасында көтерген мәселелер оң шешімін тапқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер