Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды

Түркістан қаласында Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында тыйым салынған вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады.

Screenshot_24.jpg

Атап айтсақ, Түркістан облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. «Нәтижесінде Түркістан қаласында заңмен тыйым салынған темекі өнімдерін сатқан екі сауда дүкені анықталып, жалпы 327 вейп тәркіленіп алынды. Дүкен иелері осы уақытқа дейін вейпті емін-еркін саудалап келген. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Алмас Мырзахметов. 

Еске сала кетсек, биыл елімізде 20 маусымынан бастап шегуге болмайтын темекі өнімдеріне, электрондық тұтыну жүйелеріне және оларды хош иістендіретін сұйықтықтарды сатуға тыйым салынған. Қылмыстық кодекске сәйкес 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 50 тәуілікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін. Есте болса,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

- Заңға енгізілген түзетулер Қылмыстық кодекске де өзгерістер әкелді. Жаңа заңның 1-бөлімінде вейптерді сатқаны және таратқаны үшін жаза қарастырылған. Яғни, жазаланушы 200 айлық есептік көлеміне дейін ол шамаман 738 400 теңге айыппұл немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегіліп, 50 тәулікке дейін қамау сынды жауапкершілікке тартылады. Баптың 2-бөлігінде вейптерді әкелгені және өндіргені үшін жаза да қарастырылған.

Онда 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейін, шамамен 7,3 миллион теңге айыппұл арқалайды немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру жазалары қамтылған. Ал, рұқсат етілмеген жерлерде вейп шеккені үшін 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ол шамамен 11 076 теңге мөлшерінде айыппұл салынады, - дейді Алмас Мырзахметов.

Жалпы электронды темекі немесе вейптердің тарихы сонау 1927 жылдан басталады. Қазіргі уақытта шылымның бұл түрі әлдеқайда өзгерді, бірақ келтіретін зияны ауыр. Мектеп жасындағы балалардың өзі вейптің арбауына түсіп қалды. Электронды темекі дәстүрлі шылымға қарағанда зиянсыз дегендер қателеседі. Химиялық қоспаларға толы өнім әлбетте денсаулыққа кері әсер етеді. Сондықтан мемлекет деңгейінде онымен күрес қолға алынды. Осыған орай биылғы жылдың 20 маусымынан бастап Түркістан қалалық полиция басқармасы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 

– Кальяндар мен вейптер ересектер ғана емес, өкінішке қарай жастар арасында да өте жиі қолданылады. Сондықтан ойын-сауық орындары тыйым салынған заттардан бас тарта алмай, заңсыз жұмыс істеуде. Олар тек табысты ғана ойлайды, ал адамдардың денсаулығына келетін қауіпті ойламайды. Бұл мәселеде екі тарап та өз жауапкершіліктерін түсінуі қажет. Сондай-ақ, темекі өнімдерінің айналымына тыйым салуға қатысты соңғы өзгерістерді ескере отырып, біз осы бағытта күшейтілген жұмысты жалғастыратын боламыз, – дейді Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Алмас Мырзахметов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер