Түркістанда 82 тұрғын үй салынып жатыр

1.jpg 

Түркістан қаласында жалпы аумағы 45 мың шаршы метр болатын 7 қабатты 15 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қалды. 735 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасы көтеріліп, терезесі орнатылуда. Баспаналарды «Отбасылық банк» және екінші деңгейдегі банктермен сату және кезекте тұрған азаматтарға беру жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жұмыс барысын пысықтады. Жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Сапаға басты назар аударуды ескертті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында бес жыл ішінде 5 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарланған. Облыс орталығында дәл қазір 7,9 және 12 қабатты 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін 1000-ға жуық пәтер беріледі деп жоспарланған. 

Әкімшілік-іскерлік орталықтағындағы 20 қабатты тұрғын үйдің төменгі қабаттарында әкімшілік ғимараттар орналасқан. Құрылыс жұмыстары 2022 жылғы шілде айында толық аяқталады. Облыс басшысы жұмысшылар санын көбейтіп, жұмысты ширатуды тапсырды. Сондай-ақ 4, 6, және 8 қабатты тұрғын үйлер құрылысы келер жылдың наурыз айында аяқталады. Құрылысқа 150-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді. Банк, қонақүй секілді жаңа ғимараттардың құрылысымен танысты. Облыс басшысы бой көтерген жаңа нысандардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыруды міндеттеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер