Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға, сондай-ақ "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыруға бағдарланған. Осы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін Түркістан облысында бірқатар шаралар қолға алынуда. Соның бірқатары сарыағаш ауданында жүзеге асуда. 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыт шеңберінде ауыл шаруашылығы саласындағы тамшылатып суғару мамандығы бойынша үй іргелік жерге субтропикалық дақылдар, көшет өндіру кәсібін бастау үшін, азаматтардың білімін жетілдіруге және қаржылай мүмкіндіктерді арттыру мақсатында аталған ауданның Дербісек ауыл округі әкімдігінде кәсіп игеруге ниет білдірген ауыл тұрғындарына семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында «Сарыағаш жер сиы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Т.Шынтасов, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары Б.Кузеров, М.Нұрғалиев және Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Сарыағаш аудандық филиалының директоры А.Мусабеков семинар-кеңеске қатысушыларға бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар тарапынан сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалып, қойылған сұрақтарға заң аясында толыққанды жауаптар берілді.