Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында «2025 жылға дейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде атқарылатын жұмыстардың барысына тоқтала келіп, жұмыссыздарды жұмыспен қамту шарасына басымдық берген болатын.
Бұған дейін Ұлттық жоба «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүргізілді. Ендігі таңда «2025 жылға дейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің жоспарын іске асыру аясында ағымдағы жылы 1266 жұмыссызды жұмыспен қамту жоспарланған, бүгінгі таңда 1133 жұмыссыз жұмыспен қамтылып, жоспар 89,5 пайызға орындалды.
Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 5 адамды шағын несиемен қамту жоспарланса, жоспар атығымен орындалып, 15 адам шағын несиемен қамтылып отыр.
Бағдарламаның үшінші бағыты «жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде 320 жаңа жұмыс орыны ашылып, жоспар артығымен орындалған.
Жалпы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жүздеген жұмыссыз қатысты. Оның 612-і тұрақты, 379-ы уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Бұдан бөлек, 40 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтылды. Жастар тәжірибесіне 92, Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен – 75, жұмыссыздарды жұмыс берушілердегі жұмыс орнындарына оқытумен – 31, электрондық еңбек биржасы порталында онлайн оқытумен – 101 жұмыссыз қамтылған болатын. Қайтарымсыз грант – 35 адамға берілсе, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 869 адам оқытылды. Пробацияда есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту жоспары бойынша 2 адам, 18 жасқа толған ата-анасынан айырылған 1 адам жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 551 адам өтініш білдірген, 110 адамның өтініші қанағаттандырылып отыр.