Үшқайықтықтар көгілдір отынның игілігін көруде

Табиғи газ жүйесіне қосылған Үшқайық ауылдық округі тұрғындарының қуанышында шек жоқ. 4 мың халқы бар Теке елді мекенінен басталған газ беру жұмыстары Жалаңтөс, С.Қожанов және Нұртас елді мекендерінде жалғасын табуда.

- Ауданымызға табиғи газ қосу жұмыстары Үшқайық ауылдық округінен бастау алуда. Біз ендігі кезекте қалған ауылдық округтерге көгілдір отын беру үшін тиісті барлық жұмыстарды атқаратын боламыз. Біз үшін тұрғындардың өмір қауіпсіздігі бірінші кезекте. Сондықтан да тұрғындарға көгілдір отынды газ беруші мекеменің арнайы рұқсатымен және мамандарының қатысуымен қосу қажет, - деді Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков.

«Үшқайық ауылдық округіне табиғи газ Түркістан қаласындағы автоматтандырылған газ тарату стансасынан беріледі. Аудан әкімдігі мен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы елді мекендегі барлық көшелерге газ құбырларын тарту жұмыстарын жүргізді. Әрі қарай әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігерлермен келісім-шартқа тұрып, құжаттары түгелденгеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алады», - деді «ҚазТрансГаз»АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Шалқар Омарбеков.

Ауылдық округ тұрғындары табиғи газ жүйесіне қосылғанына қуанышты екенін білдіріп, алғыстарын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер