«NUR OTAN»: «Біз біргеміз!» акциясы басталды

«Nur Otan»  партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Бүгін Түркістан облысында да акция басталып кетті.  «Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалынан әлеуметтік көмек жөнелтілді. «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер алғашқы күннің өзінде 140-тан астам тұрғынға көмек көрсетті. 

eb8f17d3-e717-4b86-a4b2-2a639f3b8df1.jpg

 Акцияны ұйымдастыру барысында «Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аса мұқтаж 1300-дей азаматтың тізімін жасақтады. Бұл тұрғындарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылып жатыр. Атап айтсақ, әр адамға ылғалды майлықтар, антисептик, медициналық бетперде, қағаз майлық, 5 келіден макарон, қарақұмық, күріш, қант және өсімдік майы таратылуда. Қара шай, тұз, күлше де себетке енгізілген. 

Партияның «Бақытты отбасы» жобасы бойынша 889 адам, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы арқылы 206 адам ал, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша 161 адамға көмек көрсетіледі. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттарды таратуға еріктілер, «Jas Otan» жастар қанатының жастары белсенді түрде кірісті. 

Елбасы Н.Назарбаев Үндеуінде қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынды. Түркістан облысында Арыстағы төтенше жағдай орын алған кезде нәтижелі жұмыс істеген «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры таңдалып алынды. Аталған қорға облыс әкімдігі, басқармалар мен оған қарасты мекемелер бүгін бір күндік жалақыларын аударады. 

Бизнес өкілдерімен жиналыс жасап, аталған азаматтар тарапынан да қорға ақша аударылатын болды. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жанынан қамқоршылық кеңесі құрылды. Оның құрамына «Nur Otan»  партиясының, «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасының және Ардагерлер кеңесінің өкілдері енгізілген. «Біз біргеміз!» акциясының орындалуы облыс әкімі, «Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында болады. «Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың айтуынша, партияның облыстық, аудандық, қалалық филиалдарының қызметкерлері қауіпті індетке қарсы күрес үшін бір күндік жалақыларын аударған. Қауіпті індетпен күресу, алдын алу шараларына облыс әкімдігі мен партия және өңірдің кәсіпкерлері бірлесіп үлес қоспақ. Елдің мүддесі – басты орында. 

«Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер