Серпінді жобада серпіліс бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет.

Screenshot_10.jpg

Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс» дей келіп ауыл шаруашылығына басымдық береді. 

Ауданның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 370937 гектар алқапты құрайды. Оның 44 441 гектары суармалы, 10527 гектары жоңыршқа, 312 712 гектары жайылым,  3257 гектары шабындық, егістігі 40958 гектар. Бұл алқаптарды 38 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 250 ірі агроқұрылымдар, 1648 шаруа қожалық игеруде. 

Сауран ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда ауданында бір алқаптан екі-үш қайтара өнім алу жобасы аясында 232 жоба іске асырылуда. Бұл мақсатта жылыжай шаруашылықтарын дамыту жолға қойылып ол – 11,7 гектарды құрады. Ал тамшылатып ылғалдандыру жүйесі 443, қарқынды бау шаруашылығын дамыту 513 гектар алқапқа жеткен. 

-Ауданда жаңбырлатып суғару қондырғыларын 938 гектар алқапқа орналастыру жоспарланған. Биыл бір ғана Шаға ауылдық округінде 780 гектар алқапқа жаңбырлатып суару қондырғысы орнатылды. Сонымен қатар, Қарашық, Майдантал және Жібек жолы ауылдық округтерінен «Картекс Агро»  және «ИС Жәңгір» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жаңбырлатып суару технологиясын орнату мақсатында, құрал-жабдықтарын сатып алып орнату үстінде. Сонымен бірге ауыл шуыл шаруашылығы техникасы паркі де жаңаруда. Биыл ауданда 78 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, техника паркі жиырма пайызға жаңарды, - дейді Сауран ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев.

Сондай-ақ, Сауран ауданына қарасты Оранғай -2, Иассы -1, Жаңа Иқанда-1, Ескі Иқан ауылдық округінде -2 көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қоймалар орналасқан. Сауран ауданы Түркістан қаласы мен басқа да аудандарды және облыстарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Ол үшін Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы жоба аясында құны 28,7 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Міне осындай серпінді жобалар өндірістің тиімділігін көтеріп қана қоймай, сапасын да едәуір жақсарта түскен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер