map.iturkistan.kz геопорталы іске қосылды

25.jpg

Түркістан қаласында map.iturkistan.kz геопорталы іске қосылды. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

- Өздеріңіз білетіндей, Түркістан қаласының Бас жоспары 2025, 2035 және 2050 жылға дейін үш кезең бойынша дамиды. Дегенмен, бекітілген Бас жоспар бойынша тұрғындар тарапынан көптеген мәселе туындады. Туындаған мәселелерді тұрғындарға жан-жақты түсіндіру үшін өзекті мәселелерді талқыладық. 

Азаматтар тарапынан пандемия кезінде онлайн ақпарат алу мүмкіндігі сұралды. Осы ретте, тұрғын үйлердің функционалдық аймағын кадастр нөмірін теру арқылы анықтауға болатын map.iturkistan.kz геопорталы іске қосылғанын айта кетейін. Одан өзге, енді үй салатын азаматтар үшін міндетті түрде «Сәулет және қала құрылысы бөлімімен» хабарласу қажеттігін өтінемін. Себебі, үй-жайлар мен кәсіпкерлік нысандардың белгіленген нормативтік ережелері бар. Ережеге, заңға сәйкес жұмыс істеу – өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін маңызды екенін ескерген жөн. 

Біз қазіргі сәттегі мемлекет мұқтаждығына алынатын аумақтың жоспарын аяқтау үстіндеміз. Болашақта мұқтаждыққа алынуы жоспарланған нысандар төменде картада қызыл сызықпен белгіленген. Дегенмен, ол жоспардың нақты орындалуы бойынша әрбір тұрғын үй иесіне жеке хат жолданатын болады,-деп жазды қала әкімі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер