Тәулігіне 100 тонна түйе сүті өңделеді

e11c70e4-adbb-454c-9f32-d3b3d4222d94.jpg

Түркістан облысында түйе шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2018 жылы Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының ынтымақтастық меморандум шеңберінде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 6,9 млрд.теңгені құрайтын «GOLDEN CAMEL GROUP LTD» ЖШС-нің «Түйе сүтін қайта өңдеу зауыты» инвестициялық жобасы жүзеге асырылған болатын. 

Кәсіпорынның тәуліктік қуаттылығы 100 тонна түйе сүтін қайта өңдеу. Қазіргі таңда кәсіпорын 5 сүт қабылдау бекеттері (Созақ Ордабасы, Отырар аудандары мен Түркістан қаласы) арқылы 20 шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отырып, тәулігіне5 тонна түйе сүті қабылдауда. Түйе сүтін қабылдау бағасы 1000 теңгені құрайды. Бұл түйе шаруашылықтарымен және осы саламен айналысуға ниеті бар ауыл тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Осы мақсатта, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей бастамасымен «Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспары» қабылданды. 

Нәтижесінде биылғы жылдың өзінде Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында қосымша3 962 аналық бас түйе сатып алынып, сүттің көлемі 14 250 тоннаға, яғни кәсіпорынның қуаттылығын 15 %-ға ұлғайтуға қол жеткізіледі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында түйе шаруашылығын кеңейту жобасында жылдық 6%-бен несиелендіру жолдары қарастырылған. Жобаның өзін-өзі ақтау уақыты 8-9 ай көлемді құрайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер