Сайрам ауданындағы кооператив шұжықтың 50-ге жуық түрін өндіреді

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ел халқына жолдаған Жолдауында Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керектігін айтқан болатын. Себебі, нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. 

image.png

- Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамытуға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесі болмақ - деді Президент.

Түркістан облысындағы Сайрам ауданының Қарасу ауылында «Алма» шаруашылық өндірістік кооперативі шұжық өнімінің 47 түрін дайындайды. Өндіріс орны 2006 жылы іске қосылған. Жер көлемі 0,45 гектарды құрайтын шұжық цехы айына 1 тонна өнім өндіреді.

Кооператив бүгінде 23 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер Ақылбек Шалқаров жаңа цех ашу жоспарымен қосымша ғимарат дайындаған. Әзірге қажетті техникалық жабдықтауға тағы 50 млн теңге қаржы қажет дейді кәсіпкер.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрген өндіріс орны шикізатты «Шұбар» асыл тұқымды кешені» ЖШС, «Delice» ЖШС, «Сынар Групп» ЖШС-нен алады. Өнім бүгінгі таңда тек ішкі нарықта саудалануда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер