Полицейлер «Ашық есік» күнін өткізді

10.jpg

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық білім бөлімімен бірлесіп, полиция бөлімінің ғимаратында «Ашық есік» күнін өткізді.

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  жиынға 30-ға жуық оқушы қатысты. Шараның мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау және алдын алу. Яғни мектепте әлімжеттік көрсетіп, ақша жинайтын, қақтығыс жасайтын оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жасау. Жиын барысында полиция подполковнигі Жан Мамыров тәртіп сақшыларының қызметінде арнайы құралдарды таныстырып өтті. Жасөспірімдер арасындағы орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрбір құқық бұзған адам заң алдында жауап беретінін алға тартып, ондай қадамға бармауға кеңес берді. Сонымен қатар мектеп бітірушілер арасында полиция қызметкері болғысы келетіндерді ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жүргізді. Оқушыларға полиция қызметінің қыр-сырын ашып түсіндіріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл мамандықтың қиындығы мен жауапкершілігін алға тартып, «Кез-келген адам полиция қызметкері бола алмайды. Тәртіп сақшысы болу үшін төзімділік пен сабырлылық, жылдамдық, асқан жауапкершілік қажет» - деп  атап өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Түркістан мен Измир байланысы жаңа кезеңге аяқ басты
  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер