«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы жалғасуда

26.jpg

Қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бар екені жасырын емес. Осыған байланысты әйелдерге және балаларға әлімжеттік көрсеткендердің жазасын қатаңдату қажеттігі айтылып жатады. Олардың құқығын қорғауда  тәртіп сақшылары да жүйелі жұмыс жүргізуде. Соның бірі  «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» іс-шарасы. Акцияның негізгі мақсаты –зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құқықтық кеңестер беріп, жұртшылықты қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Айнұр Жұбай бастаған полиция қызметкерлері  қалалық емханаларға барып, ондағы емделуші тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оларға психологиялық және заңгерлік кеңестер берді.

Осы мақсаттағы  шара Арыс қаласында да жалғасын тапты. Бұл жолы Арыс қаласының полиция қызметкерлері орталық кітапханада дөңгелек үстел өткізді. Жиынға Арыс аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Әділбекқызы мен тәртіп сақшылары және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Жазира Қалдыкөзқызы қатысты. Іс-шара кезінде зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шешімдер айтылды. Халықтың ең үлкен мәселесіне айналған зорлық-зомбылықты болдырмау үшін шараға қатысқандар өздерінің ұсыныс пікірлерімен бөлісті. Шара соңында тәртіп сақшылары арнайы  дайындаған плакаттар мен 400-ге жуық брошюралар таратты. Бұндай жиындар қоғам үшін қажетті. Сондықтан полицейлер мен психологтар тарапынан осындай жиындар алдағы уақытта та жалғасын табатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер