Ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

28.jpg

Полицейлер бассейнге барған әйелдің ұялы телефонын ұрлаған жас қызды  ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, қаладағы бассейндердің біріне қыдыруға барған сәтінде «Samsung A50» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 160 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден шықты. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, бейнебақылау камераларын тексеріп шықты.

Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті Түркістан қаласының тұрғыны жас қыз болып шықты. Ол шомылу орнына демалу үшін барған. Содан үстел үстінде тұрған телефонға көзі түсіп, ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, телефонды жымқырған. Полицейлер күдікті жас қыздан айғақты зат ретінде ұялы телефонды тәркілеп алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуд Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға кеңес береді. Сондай-ақ мүмкіндігінше тұрғын үйлерге, ғимараттарға, демалыс орындарына арнайы бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуға кеңес береді.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер